Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жаңғырту (2-б.)

148
Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдардың «жол карталары» әзірленген, олар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдардың «жол карталары» әзірленген, олар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

Реформа жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Қазақстан барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірісті.

Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, оның құрылымында – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды.

Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр.

Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзі бірізді және жүйелі сипатқа ие болады.

Халықаралық стандарттарға негізделген, 2016 жылы күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осы ұстанымды тірек етеді.

Жаңа Мемлекеттік қызметтің этикасы кодексі әзірленді, онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы және тұрмыстағы мінез-құлықтарының стандары регламенттелген.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі жасалды.

Сондай-ақ, жаңа институт – этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құру көзделіп отыр. Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саласындағы қылмыстық саясат

Қазақстан Республикасы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін құрды. Әрбір 5 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты дәйекті және мақсатты әрекет сипатына ие, сондай-ақ қоғамда қазіргі сәтте сыбайлас жемқорлықтың елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін, экономикалық дамуына кедергі болатынын және мемлекеттің халықаралық имиджіне теріс әсер ететінін түсінетін салауатты күштер пісіп жетілуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы қабылданған (1998 жылы) сәттен бастап, мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғам жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған өзара байланысты шаралар кешенін әзірлеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі заңнамалық база үнемі жетілдіріп отырады:

1) инвестициялық тартымдылықты күшейту үшін, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін қиындататын әкімшілік кедергілер азайтылды, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрлерi мен рұқсаттар саны қысқартылды;

2) интернет-ресурстары арқылы мемлекеттің халықпен кері байланысын қамтамасыз ететін электрондық үкімет құрылды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, министрліктер мен ведомстволардың басшылары үкімет порталында өздерінің жеке блогтарын құрған;

3) тиісті нормативтік құқықтық актілерді, жеңілдіктерді әзірлеу және қабылдау түріндегі азаматтық қоғамдық институттарды дамытуда белсенді мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары белсенділігінің артуына әкелді;

4) заң шығару қызметіне белсенді қатысатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың жұмысы жандандырылды;

5) қылмыстық саясат лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілігін қатайтуға бағытталған;

6) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған тұлғалар үшін, мемлекеттік органдарда лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу енгізілді;

7) сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына ықпал еткен нормаларды анықтау мақсатында құқықтық мониторинг жүргізу аясында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен жобаларға міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу енгізілді.

Бұл қызметті орын алған, бірақ әлі қолданыстағы заңнамада анықталмаған сыбайлас жемқорлық нормаларын іздеумен айналысатын  мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, Қазақстанда қалыптасқан нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тұрғысынан бағалау тетігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді айтарлықтай азайтады және қазіргі кездегі орын алып отырған сыбайлас жемқорлық жүйесінің күйреуіне ықпал етеді.

Осылайша, жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау және қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бағдарламаның маңызды элементі болып табылады, бұл міндеттер – осы әлеуметтік қастықтың алғы шартына себеп болатын нормаларды жою. 

Ақша қаражаттарының ізін жасырумен күрес ең басты міндетті – біздің қоғамымызды күйіндіретін орасан проблемалардың біріне деген адамдардың дүниетанымы мен көзқарасын өзгертуді шешуге бағытталған. Қабылданатын шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздік ахуалын құруды, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерін материалдық тұрғыдан ынталандыруды көздейді.

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар", № 7 - 2016



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях