Экономикалық қиындықтардың ЕАЭО интеграциясына әсері

43
ЕЭК, салалық жұмыс топтары шеңберінде реттеуші және тараптардың бизнес қоғамдастығымен бірлескен қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастырудың өтпелі кезеңімен ырықтандыру жоспарлары дайындалды.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің сұхбаты

Еуразиялық экономикалық комиссия 2016 жылы ЕАЭО елдерінде экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы туралы ешқандай жалған үміт күтіп отырған жоқ. Алайда, бұл одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерге кедергі келтірмейді деп санайды, ­– ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов. Ол ЕАЭО аясында бірыңғай валюта енгізудің орындылығы, оның даму перспективалары, сондай-ақ санкциялар жағдайында саяси шешімдер қабылдау кезінде одақ мүшелерінің экономикалық мүдделерін ескеруге мүмкіндік беретін шаралар туралы айтты.

2015 жылы, ЕАЭО одақ аясындағы интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға теріс әсерін тигізген көптеген тегеуріндерге тап болды.

2016 жылдың алғашқы айларында қандай беталыстар байқалады?

– Ахуал күрт жақсарды деп айту өте қиын, өзімізді жұбату қажет емес. Өкінішке орай, бұл бірінші кезекте біздің екі ірі экономикамыз (Ресей және Қазақстан) мұнай, газ, металдар бағасына сүйенеді және бұл көрсеткіштер бойынша нарықтағы ахуал түбегейлі өзгерген жоқ.

Экономикалық қиындықтар жалғасуда. Биылғы жылға қандай болжамдар жасалғанын сіздер білесіздер: қазақстанның экономикасы аздап өссе, ресей экономикасы нөлге тең немесе теріс деуге болады. Биылғы жыл макроэкономикалық тұрғыдан күрделі болады.

Сонымен қатар интеграциялық аспектілер тұрғысынан біз қозғалыс үстіндеміз, орын алған сұр дақтардан арылып, ықпалдастықты тереңдетудеміз деп айтуға болады.

Біз жақында Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 2015 жылы одақ органдарындағы Беларусьтің төрағалығы шеңберінде нелер орындалғаны туралы баяндадық.

Ұлтүстілік орган ретінде біз өнеркәсіп, экономика және қаржы саясаты саласындағы барлық тармақтарды орындағанымызды атап өткен жөн. Атап айтқанда, қаржы секторында қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы келісім дайындалды. Бұл сондай-ақ зейнетақы мәселелеріне де қатысты – біз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт дайындадық және оны валюта саясатының мемлекет ішілік келісуіне (МІК) жібердік.

 Ұлтүстілік орган ретінде біз валюталық құқықтық қатынастарды реттеудің келісілген тәсілдері мен ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар қабылдау туралы келісімді мақұлдадық және оны МІК-ке бекітуге жібердік. Ендігі жерде Беларусь үшін белгілі бір өтпелі кезеңдерде қатысты пікірде бір келіспеушілік қана бар, бірақ жалпы алғанда, біздің валюта саясатындағы жетістіктеріміз байқалады. Осы келісім қабылданғаннан кейін, біз өзара сауда-саттықтағы барлық валюталық шектеулерді жоямыз. Интеграциялық тұрғыдан алып қарағанда 2015 жыл ЕАЭО туралы шарт жазылған 2014 жылдағыдай оң істер жағынан қарқынды болды.

– Валюта саясатына қатысты келісімнің қабылдануын қашан күтуге болады?

– Беларусь үшін өтпелі кезеңдерді қатысты бір ғана ескерту қалды, келісімнің өзі барлық бес мемлекеттің келісімінен толық өтті. Беларусьтің валюталық реттеу және бақылау жүйесінде белгілі бір қиындықтар бар, біздің әріптестеріміз кейбір нәрселерді біраз уақытқа сақтап қалғысы келеді. Басқа серіктес елдер – бұған түсіністікпен қарауда, бірақ өтпелі кезеңдердің мерзімдерін қысқартуды ұсынып отыр. Біз бұны жылдың бірінші жартысында комиссия кеңесінде талқылаймыз деген ниеттеміз, содан кейін мемлекет ішілік рәсімдерден өту ғана қалады және жыл соңында біз оған қол қоямыз деп ойлаймын.

– Сіз күрделі экономикалық жағдайларда біздің елдеріміздің бағамдық саясатын үйлестіру маңызды болады деп атап өттіңіз. Бұл бағытта жұмысы қалай жүруде және ол елдер күткендей нәтижелерді берді ме? Мұндай үйлестіру жағдайды едәуір жақсарта алды ма?

– Бағамның саясаты қазір толығымен және тұстастай ұлттық өкілеттілікте, оны орталық банктер жүргізуде. Оларда 2011 жылы қол қойылған келісілген валюта саясаты туралы жеке шарт, дербес орган – валюта саясаты жөніндегі  Консультациялық кеңес бар. Олар тұрақты түрде кездесіп және үнемі бір-бірін хабардар етіп отырады.

Бағам саясатын үйлестіру міндетті түрде қажет. Кез келген азамат, мен бүгін бизнес туралы әңгіме етпеген күннің өзінде, бүгінгі күні бізде бірыңғай экономикалық кеңістік, бірыңғай өнім нарығы бар кезде өзара сауда-саттықта валюта бағамының қаншалықты маңызды екенін айта алады, бірақ бағамның теңсіздігі орын алуда.

Біз бұл мәселеге ЕЭК-нің және тіпті үкімет ведомстволарының көп дәрежеде араласқанын қалар едік. Валюталық саясат бойынша Консультациялық кеңеске тек ұлттық банктердің басшылары ғана кіреді. Келісілген валюта саясаты туралы шарт бойынша олардың міндеттері қазіргі кезде ЕЭК-ні немесе үкіметтерді ақпараттандыруды қамтымайды.

– Өзара сауда-саттықтың төмендеуіне әсер еткен факторлардың арасында Ресейге қарсы санкциялар да бар. Бұл фактор негізгілердің бірі болып қала бере ме? Немесе елдер жаңа шындыққа бейімделді ме?

– Бұл арада бөліп қарау қажет: санкциялар одақтың тек бір еліне – Ресейге ғана қолданылды, сондай-ақ, еуропалық, американдық тауарларға қатысты қарсы санкцияларды тек Ресей ғана қолданады. Мысалы, Қазақстан, Беларусь және басқа да одақ мүшелері тікелей санкциялардан зардап шеккен жоқ.

Проблемалар керісінше, саяси шешімдер қабылдау кезінде біздің барлық мемлекеттердің экономикалық мүдделерін назарға ала білмеуімізден пайда болады. Бұл ретте кез келген мемлекеттің өзінің саяси көзқарастарына құқығы бар екеніне еш күмән жоқ. Бұл интеграциялық процестерге әсер етпейтіндей болуы тиіс. Біз қазір еуропалық тауарлардың Ресей, Қазақстан, Қырғызстан аумағы арқылы транзиті және т. б. туралы айтып отырмыз.

– Қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей Федерациясының аумағы арқылы тауарлар транзитінің проблемаларына жиі шағымданатыны құпия емес. Бұл қиындықтар Ресей мен кейбір шетелдік елдер арасындағы күрделі қарым-қатынастарға байланысты ма?

– Иә, бірақ бұл санкциялардың әсері емес, қарсы санкциялардың әсері болып табылады, біз оны басқаруды үйренуге тиіспіз. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдайды қандай да бір ұзақ кезеңге дейін қарастырмауға болады және тиісінше біз Ресейге, олардың саяси мүдделерін сақтап қалуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар басқа серіктес елдердің экономикалық мүдделеріне әсер етпейтін шараларды ойластыруымыз керек. Осы бағытта комиссия жұмыс істеу үстінде, мәселе күрделі жылжуда, даулы тақырыптар өте көп, бірақ біздің кедендік блогымыз жұмыс істеп жатыр. Біз жыл соңына дейін осы бағытта іске асырудың қандай да бір тұжырымдамасын ұсына аламыз деген ойдамын.

Сонымен бірге ЕЭК, салалық жұмыс топтары шеңберінде реттеуші және тараптардың бизнес қоғамдастығымен бірлескен қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастырудың өтпелі кезеңімен ырықтандыру жоспарлары дайындалды.

Жоспарлар қызмет көрсетудің құрылыс, туризм, ғылыми-зерттеулер, жарнама, геология, мүлікті бағалау сияқты 19 саласы бойынша әзірленген.

Үйлестіруден кейін ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу және қажет болған жағдайда халықаралық келісімдер әзірлеу және жасасу немесе одақ актілерін қабылдау керек. Осының бәрін 2018–2021 жылдар ішінде іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тараптарды реттеушілер арасында, соның ішінде ведомствоаралық сипаттағы жекелеген келісімдер жасасу арқылы әкімшілік ынтымақтастық орнату қажет болады.

Жоспарлар бойынша жұмыстарды аяқтаудың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын іске қосуды бастаудың алдын ала күні де айтарлықтай ауқымды. Мысалы, аса қауіпті және күрделі құрылыс объектілері саласында аталған секторды бірыңғай нарыққа аударуды 2021 жылдан кешіктірмей жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Өз кезегінде, геологиялық жұмыстар 2019 жылы бірыңғай нарықта болады. Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтерді 2017 жылға қарай бірыңғай нарыққа енгізу қазірдің өзінде болжануда.

Жақын арада жоспарлар комиссия алқасына қарауға ұсынылатын болады және олар мақұлдағаннан кейін комиссия кеңесінің кезекті отырысында (2016 жылғы маусым) талқыланатын болады. Комиссия кеңесі мақұлдағаннан кейін жоспарлар дереу Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына берілетін болады.

«ACTUALIS» мемлекеттік сатып алу

электрондық жүйесінің сарапшылар тобы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях