2016 жылғы мемлекеттік сатып алу саласындағы жауапкершілік (2-бөлім)

26
Худайбергенова Наталья Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін есептеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының  (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 4-тармағында, неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:

әлеуетті өнім берушіде

– өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

– Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың;

– ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

– ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;

2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті екендігі белгіленген.

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін есептеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Шартты жеңілдік бойынша айыппұлдардың екі түрі көзделген:

 – Кодекстің 207-бабының 6-тармағында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзғаны үшін – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш (106 050 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

– Кодекстің 207-бабының 7-тармағында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзғаны үшін – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш (106 050 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Заңның 10-бабының негізінде, әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбағанда;

2) әлеуетті өнім беруші өзінің сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі фактісі анықталғанда;

3) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі анықталғанда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.

Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) өзге негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп танығаны үшін – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (212 100 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу Кодекстің 207 бабының 8-тармағында көзделген.

Аталған айыппұл өнім берушіні негізсіз қабылдамаған конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасына және оның орынбасарына, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелеріне қолданылатынын атап өту маңызды.

Кодекстің 207-бабының 9-тармағында, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмегені үшін – лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш (106 050 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Кодекстің 207-бабының 10-тармағының негізінде, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындағаны үшін жауапкершілік көзделген.

Аталған айыппұл елу айлық есептiк көрсеткiш (106 050 теңге) мөлшерiнде белгіленген.

Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

Осыған байланысты, мынадай:

1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;

2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi анықталған жағдайларда – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш (63 630 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Заңда сатып алудың жаңа – шартты тікелей жасау арқылы бір көзден алу тәсілі  пайда болды. Шарт жасасу үшін тапсырыс беруші тек бір қағидатты ғана – мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды басшылыққа алуға міндетті. Ал өнім берушіні тапсырыс беруші өз бетінше айқындайды. Ең маңыздысы сатып алу Заңның 39-бабы 3-тармағының 54 тармақшаларының біріне сәйкес келуі тиіс.

Тиісінше, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырғаны үшін –лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (212 100 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

 Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасына және оның орынбасарына, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелеріне қолданылатын жаңа айыппұл қолданысқа енгізіледі.

Кодекстің 207-бабының 13-тармағында, конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпегені үшін – лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш (21 210 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жазалар қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін айыппұл алпыс айлық есептiк көрсеткiш (127 260 теңге) мөлшерiне дейін ұлғайтылатынын есте сақтау маңызды.

Осылармен қатар 2015 жылы жаңа түзету пайда болды, онда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу процесінде мемлекеттік қызметшіге жүктелген жауапкершілікті түсіну және Заңда белгіленген талаптарды сақтау қажет.

Ескертпелер.

Кодекстің 207-бабының негізінде лауазымды адамдар деп:

1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;

2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

4) төртінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын;

5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

6) алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

7) жетінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;

8) сегізінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін;

9) тоғызыншы, он бірінші және он екінші бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

10) он үшінші бөлікте ­– конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.

Н. А. Худайбергенова

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналы, № 3 - 2016



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях