Қазақстанда мемлекеттік сатып алулардың кейбір проблемалы тұстары

31
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Үкімет жоспарларын жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жақын арада өзгерістер енгізілуі тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін енгізу  және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершіліктерін арттыру туралы мәселелер бұрынғысынша өзекті болып табылады.

Өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің сұрауларына байланысты аталған саладағы жеңілдетулерге қатысты, ҚР Үкіметі тұрақты және жоспарлы түрде жұмыстар жүргізуде.

Астана қаласында шілдеде өткен баспасөз-конференцияларының бірінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев жақын арада мемлекеттік сатып алу үдерісінде жүргізілуі тиіс кейбір өзгерістер туралы хабарлады:

1. Конкурсты өнім берушілерді біліктілік тұрғысынан алдын ала  іріктеуді қолдану арқылы өткізу, оның нәтижесінде тұрақты және өздерін мемлекеттік сатып алу нарығында көрсеткен және тұрақты өнім берушілер үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі азайтылатын және тек конкурстық рәсімдердің өзі ғана жүзеге асырылатын болады.

2. Конкурс және аукцион рәсімдерін жеңілдету. Айталық, конкурсқа қатысуға арналған  өтінім және баға ұсыныстары бірге берілуі тиіс болады, бұл конкурсты өткізу кезеңдерін қысқартуға, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан теріс пайдаланушылықтардың орын алмауына мүмкіндік береді.

3. Конкурсты өткізу тәртібін үш кезеңнен екі кезеңге қысқарту. Бірінші кезеңде аукционға рұқсат берілсе, екінші кезең – аукционның өзін өткізу болып табылады. Ақша қаражаттарының игерілмеуіне әкелетін мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін өткізудің ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын алдын ала жасау механизмі қарастырылуда. Бұл механизм бюджеттің бекітілуін күтпестен, республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ертерек жариялауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, жоғары технологиялық өнімдер өндіру саласында үш жылдан асатын мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі көзделген.

Осылайша, үкімет жоспарларын жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жақын арада өзгерістер енгізілуі тиіс.

Бұдан басқа, Руслан Бекетаев жаңа редакциядағы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын ұсынды, оған сәйкес тендер қорытындыларына шағымдану мерзіміне шартты тоқтата тұру мүмкіндігін жүзеге асыру; конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптарды қатаңдандыру, техникалық ерекшелікті міндетті түрде алдын ала талқылау; конкурсты және аукционды өткізу тәртібін жеңілдету, шарттарды тек электрондық форматта жасасу, электрондық банктік кепілдіктерді енгізу, сатып алу үдерістерін автоматтандыру жоспарлануда.

Аталған заң жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан үшін маңызды ДСҰ және ЕурАзЭҚ туралы халықаралық шарттар ескерілді.

Көрсетілген жаңалықтар мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуі, оларды өткізу уақытын қысқартуы және  мемлекеттік шенеуніктер тарапынан сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар тәуекелін азайтуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, маңыздылығы жағынан кем түспейтін  мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар тәуекелін азайту мәселелерін де ашып көрсеткіміз келеді. 

Сонымен, Қазақстанда 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия)  ҚР Президентінің Жарлығы шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның «Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар» 4-тармағының «Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» 4.1-тармақшасында Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесі қызметтің неғұрлым сыбайлас жемқорлықшыл саласына жататыны көрсетілген. Нақ осы салада әрбір төртінші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалады.

Сондай-ақ онда жоғары сыбайлас жемқорлықшыл сала болып табылуына байланысты  мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылуы тиіс екендігі көрсетілген, бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматтандырылған түрде таңдауды енгізу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімін жетілдіру сияқты шаралар қолданылатын болады.

Қазақстандағы мемлекеттік органдар тек мемлекеттік сатып алуда ғана емес, мемлекеттік басқарудың барлық салаларында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту жөнінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізетінін атап өту қажет.

Сонымен, мысалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұсынған талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бөлімі атқарған жұмыс туралы ақпаратқа сәйкес, 2015 жылғы бірінші жарты жылдықта ҚР инвестициялар және даму, ҚР ауыл шаруашылық, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ҚР білім және ғылым министрліктері орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну және бақылау-рұқсат беру функцияларының үдерісі бойынша талдау жүргізілді.

Талдау Мемлекеттік кіріс, ішкі істер департаменттері, сондай-ақ жергілікті атқару органдары («Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ) қызметтеріне де жүргізілді. 

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекел ретінде бағаланатын мынадай фактілер анықталды:

- мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету белгілеріне сәйкес келетін, бірақ бұндай мәртебесі жоқ функцияларды  жүзеге асыруы;

- талданған органдар көрсететін мемлекеттік қызметтің бекітілген  Стандарттары мен Регламенттерінің болмауы;

                - қызмет көрсету мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтардың болуы (ережелер бекітілген стандарттарға қарама-қайшы);

                -    мемлекеттік қызмет көрсетудің дискрециялық мерзімдері;

                - мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттарында көрсетілмеген қосымша құжаттарды сұрау.

                Барлық көрсетілген бұзушылықтар бойынша Департамент тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар жіберді.

Бұл талдау біздің ауқымды нормативтік құқықтық базаның бар екендігіне қарамастан, мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарға жол беретіні түсінуімізге мүмкіндік береді. Тиісінше мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде де осыған ұқсас бұзушылықтар туындауы мүмкін. Сондықтан, біз қарастырып отырған салада да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын естен шығаруға болмайды.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.  

Сонымен, Петропавловскіде жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинар жиын өтті, оның барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің аталған аймақтағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі орталық органның басшысы  Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы, мемлекеттік сатып алу үдерісінің барлық қатысушылары үшін  бюджеттік жоспарлау сәтінен бастап және шарттық қарым-қатынастар аяқталғанға дейін орын алған проблемалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сараптық деңгейде анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ осы салада ашық және жария жағдайлар жасайтын диалогтық алаң – тұрақты қызмет ететін Ведомство аралық жұмыс тобын құру керек дегенді атап өтті.

Сондай-ақ, ол негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу кезінде шоғырланады, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетілгендей, аталған аймақтағы әрбір төртінші бұзушылық осы салаға келеді деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, семинар-жиында СҚО  Қаржы басқармасында мемлекеттік сатып алумен айналысатын жаңа бөлім ашылатыны айтылды. СҚО Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде жұмыстар жүргізіледі, сондай ақ бірқатар тауарларды  оларды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданбастан сатып алу бойынша   күнделікті қажеттілік Тізбесіне енгізу, облыстық және аудандық деңгейде мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін уәкілетті орган құру туралы және басқа да ұсыныстар енгізілді.  

Бұндай жиындар мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша  жұмыспен неғұрлым өнімдірек айналысуына мүмкіндік береді.

Бұдан әрі мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және кейбір құрылымдардың, атап айтқанда «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің жұмысы үлгісінде тиімді тетіктерді енгізу мәселелерін қозғағымыз келеді.

Сонымен, үстіміздегі жылдың 30 маусымында Ақтөбеде аталған органның және Ақтөбе облысы прокуратурасының қатысуымен жиын өткізілді.

Жиын барысында Кеңес төрағасы Ғани Қасымов, 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар бойынша жүгінулердің өсу беталысы байқалады. 

Бұл ретте кәсіпкерлердің арыздануы жағдайларының жартысы бақылаушы органдармен расталады.

Бұл мемлекеттік органдар тарапынан пәрменді шараларды талап ететін  өте салмақты көрсеткіш.

Көрсетілген жүгінулерге байланысты ҰКП ҚР Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, қазіргі кезде ҚР Мәжілісінде қаралып жатқан және ол туралы жоғарыда айтылған мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына жүйелі ұсыныстар дайындалды.

Осылайша, бұдан әрі мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесіндегі  ең сенімді және ықпалды тетіктердің бірі, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық  актілерге, оның ішінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына, мемлекеттік органдар мен әлеуетті өнім берушілер арасында өткізілетін  «дөңгелек үстелдер» жұмысының нәтижелері бойынша  жүзеге асырылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылатыны әлбетте  анық. Бұндай өзгертулер мен толықтырулардың нәтижелері бойынша көрсетілген құқықтар мен мүдделерді негізгі қорғау жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, неліктен екені белгісіз, тапсырыс берушілердің бір   өнім берушіге көңіл аударуын болдырмау үшін тендерлік құжаттама жобасын ол бекітілгенге дейінгі 10 жұмыс күні ішінде орналастыру туралы идея қабылданбай келгенін атай кеткен жөн.

Әрине, сіздердің назарларыңызды  аударғым келген соңғы және маңыздылығы жағынан кем түспейтін мәселе, ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру.

Бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі мәселе  болып табылады және оны мемлекеттік органдар үнемі назарында ұстайды.

Сонымен оны шешу әдістерінің бірі – мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау. Бұл әдіс маған неғұрлым ықпалды болып көрінеді, өйткені мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік органдар мамандары сауаттылығының артуымен қатар мемлекеттік сатып алуға қатысушы тараптар – әлеуетті өнім беруші мен тапсырыс берушінің жауапкершіліктері де арта түседі.

ҚР Әдiлет министрлiгiнде  2015 жылғы 29 сәуірде № 10854 болып тіркелген, ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 5 және 6-тармақтарында мыналар белгіленген:

5. Оқу бағдарламасының жалпы сағаты санының кемінде 20 %-ын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты тапсырыс берушілердің, қызметкерлері қатарынан іс жүзіндегі қызметкерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу практикасын зерделеуді құрауы тиіс.

6. Білім беру ұйымдары оқытушылық қызметке мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен кандидатураларын келіскеннен кейін іс жүзіндегі қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады.

Осылайша, біз Үкімет тарапынан мемлекеттік сатып алу саласында істеп жақтан қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз.

Бұған қоса, тапсырыс берушінің қызметкерлері, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді тікелей бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер қатарындағы практикалық қызметкерлердің тәжірибесі де ескерілетін болады.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау жұмысына білім беру ұйымдары оқытушылық қызметке мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен кандидатураларын келіскеннен кейін жоғарыда көрсетілген  қызметкерлерді тартады.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаңдандыру және осы саладағы бұзушылықтар үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру шаралары болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тұтастай 207-бап көзделген, ол  конкурстық, аукциондық құжаттамаға қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету, конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан негізсіз бас тарту сияқты және көптеген басқа да бұзушылықтарды қамтитын 17 тармақтан тұрады.

Барлық айтылғандардың ішінен, мен мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға қабілетті негізгі екі сәтті ерекше көрсеткім келеді, олар менің пікірімше – мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру (қайта даярлау) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаңдандыру (мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін қосымша айыппұл санкцияларын енгізу).

Е. Е. Гафуров



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях