Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

25
Кодекстің аталған нормасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу

Кодекстің аталған нормасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Заңнан шығарылған және жоғарыда көрсетілген сатып алулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесімен (бұдан әрі – Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі) регламенттелген.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 1-тармағында, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі - лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібі айқындалған.

Тиісінше, егер дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiне кірмейтін болса, онда тапсырыс беруші аталған сатып алуларды заң аясында жүзеге асыруы тиіс.

Маңызды. Тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi ( бұдан әрі – ТМККБК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес жасалған ТМККБК шеңберінде бюджет есебінен көрсетілген медициналық қызмет көлемі үшін шығындарды өтеу шартында айқындалады.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 7-тармағына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру:

1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:

 тендер өткізу;

  • баға ұсыныстарын сұрату;
  • бір көзден сатып алу;

– бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;

2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:

– екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;

  • бір көзден сатып алу;

– жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

– дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:

– екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу;

бір көзден сатып алу;

4) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің нормаларында әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары, сатып алынатын және берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарға, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға (фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде) қойылатын талаптар, сондай-ақ сатып алуды жүргізу тәртібі көзделген.

Маңызды. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі шеңберінде жүргізілетін сатып алулардың, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы, Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі аяларында жүргізілетін сатып алулардан елеулі айырмашылықтары бар екендігін атап өткен жөн.

Сонымен, алдағы өткізілетін тендер туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. Сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және бір көзден алу тәсілімен өткізген жағдайда алдағы сатып алулар туралы хабарландыруды орналастыру талап етілмейді.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдерімен сатып алуларға қатысу үшін тендерлік құжаттарды Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде регламенттелген тізбе бойынша қағаз түрінде береді. Бұл ретте ұсынуға арналған қажетті құжаттар тізбесінің де, сондай-ақ ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптардың да елеулі айырмашылықтары бар.

Сатып алу нәтижелері бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында қағаз тасығыштағы шарт жасалады.

Назар аударыңыздар! Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында жүргізілетін сатып алулардың Заңнан шығарылғанына қарамастан, сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану тәртібі сол күйінде қалатынына ерекше назар аударғым келеді.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін қолдану процесінде тапсырыс берушілермен қатар, өнім берушілерде де көптеген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтардың мәнін бір мақалада көрсету мүмкін емес, сондықтан олар кейде дербес болып табылады және нақты бір сатып алуға қатысты болады.

Бүгінгі күні Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін толық аяқталмаған немесе басқа заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістерге байланысты үнемі өзекті бола бермейді деп ойлаймыз.

Бұған дейін белгілі болғандай, қазіргі кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасы бар. Алайда бұл жобада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында сатып алуларды жүзеге асырудың нормалары өзгермеген.

Көрсетілген жаңа Заң жобасының аясында көпшілігіміз Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің жаңа жобасын күткен едік. Алайда ондай жоба әзірге жоқ. Жақын арада аталған мәселені шешуде өзгерістер болады және заң шығарушылар көрсетілген ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін, немесе – жаңасын қабылдау мүмкіндігін қарастырады деп үміттенеміз.

Өз тарапымыздан жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерді қолдану мәселесінде кәсіби тұрғыдан көмек көрсетуге біз әрқашан да қуана келісеміз.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях