Дәрілік заттарды сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын талқылау

29
Заңға сәйкес, денсаулық сақтау секторы тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік сатып алу субъектісі болып табылады, сондай-ақ кейбір мемлекеттік кәсіпорындар денсаулық саласындағы өнім берушілер болуы да мүмкін.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 31-бабының 1-тармағына сәйкес, денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

Кодекстің 31-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 32- тармақшасына сәйкес, тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

Заңға сәйкес, денсаулық сақтау секторы тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік сатып алу субъектісі болып табылады, сондай-ақ кейбір мемлекеттік кәсіпорындар денсаулық саласындағы өнім берушілер болуы да мүмкін.

Көбінесе денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторының өкілдері, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олар тек бюджет қаражаттары есебінен сатып алулары тиіс, ал кәсіпорынға ақылы түрде көрсетілетін қызметтерден келіп түсетін қаражаттар мен қайырымдылық қаражаттарын заң нормаларын қолданбастан жұмсауға болады деп санайды. Бұл қате пікір.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде барлық қаражаттарды тек Заң аясында және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу саласындағы заңнамалық актілер шеңберінде ғана жұмсауы тиіс.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Заңның 12-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды. Бұл ретте тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.

Заңның 4-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасына сәйкес, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу, осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.

Яғни, тапсырыс берушінің медициналық техниканы сатып алу бойынша өнім берушіні өз бетінше анықтауға және онымен Заң нормаларын қолданбастан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқығы бар. Заңның аталған нормасы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алған жағдайда ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Егер сатып алынатын техника тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн іске қосылмаған жағдайда, онда ол Заңның 12-бабының тармағына сәйкес сатып алынуы тиіс болған.

Сонымен қатар, Кодекстің 2-бабының 2-тармағына сәйкес, тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бөлігінде ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайтынын атап өту қажет.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях