Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды күшейту

23
Негізгі міндет – қызметтегі неғұрлым сыбайласқан саланы алдын ала анықтау және ревизорлар мен бақылау объектілері арасындағы сыбайластық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың мемлекеттік саясатын белсенді түрде қолдайды, әсіресе «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады.

Инспекция басшылығы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдап отырады, сондай-ақ қызметкерлер арасында осы теріс құбылыстың алдын алу жөнінде тұрақты негізде жұмыстар жүргізеді.

Негізгі міндет – қызметтегі неғұрлым сыбайласқан саланы алдын ала анықтау және ревизорлар мен бақылау объектілері арасындағы сыбайластық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мақсатында, Инспекцияның бұйрығымен 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Сондай-ақ Инспекцияда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары да бекітілген, оған сәйкес Инспекцияда осы бағытта алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

Қол жетімді жерлерде орналастырылған стендтерде, Инспекцияның – «279-30 26» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сенім телефондары орналастырылған, фойеде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына және Инспекция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін бақылау кітабы бар.  2015 жыл ішінде Инспекцияның сенім телефонына Инспекция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану туралы қоңыраулар мен шағымдар келіп түскен жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігіне де Инспекция қызметкерлерінің әрекеттеріне арыздар келіп түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тиісті деңгейін қалыптастыру үшін Инспекцияға жұмысқа жаңа кірген қызметкерлермен нормативтік құқықтық актілер бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

Бақылау объектілеріне міндетті тәртіпте объектіде бақылау жүргізген қызметкерлердің ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының нормаларын сақтауы жөнінде жасырын сауалнама сұрақтары жіберіледі. 2015 жылғы 1 жарты жылдықта бақылау объектілері жіберген сауалнамаларға жүргізілген талдау нәтижесінде теріс нәтижелер болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты еңсерудің тиімділігі әр тұлғаны жеке алғанда, оның әлеуметтік кемелденуі мен мәдени-адамгершілік дамуының деңгейіне, оның мемлекеттің, аумақтың және Инспекция ұжымының тағдырына тікелей қатысуына байланысты болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын, құқықтарды және міндеттерді зерделеу бойынша жұмыстар Инспекция қызметкерлерің арасында тұрақты түрде өткізіледі. 2015 жылғы 1 жарты жылдыққа арналып бекітілген жоспарға сәйкес, 13 техникалық оқу мен нұсқамалық құқықтық және нормативтік актілерді зерделеу, сыбайласқан және экономикалық қылмыстар жасау мен құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау бойынша жаппай оқыту сабақтары өткізілді.

Инспекция өткізетін жиындарда, олар қандай да бір жағдайларда өз мінез-құлқын нақты білуі үшін, қызметкерлерге кодекстердегі қызметшілердің мінез-құлқын егжей-тегжейлі регламенттеу, сондай-ақ ережелер кодексінде белгіленген бұзушылықтар үшін нақты санкцияларды және оларды сақтау бойынша бақылау механизмін санамалау, сонымен қатар «мүдделер шиеленісі» ережесін сақтау ұсынылады.

ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің бақылау материалдарына екінші мәрте жасалған сапаны бақылау тұжырымдамаларының нәтижесі бойынша шолу хаттарының негізінде Инспекция ұжымы жиындарда Инспекция қызметкерлерінің бақылау жүргізуде жіберген кемшіліктері толық зерделенеді.

Бақылау іс-шараларын жоспарлау кезінде бақылау объектілерін таңдау қандай да бір бақылау объектісінің тәуекел дәрежесін бағалауды ескере отырып, тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың 187 өтініші қаралды.

2015 жылға арналған «Нұр Отан» ХДП АҚБ өкілдерімен азаматтарды бірлесіп қабылдау кестесі бекітілді. Жергілікті БАҚ-та Инспекция басшылығының азаматтарды қабылдауды жүргізу күнінің, уақытының кестесі және орны жарияланды, алайда   2015 жылғы 6 мамырда азаматтардың жүгінбеуіне байланысты, азаматтарды «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен қабылдау өтпеді.

Мемлекеттік қызметшілер ұсынатын табыстар, мүліктер және мүліктік сипаттағы міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына камералдық тексерулер жүргізіледі.

Тәртіптік кеңестің мүшесі ретінде – Инспекция басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңесінің жиындарына белсенді түрде қатысады, онда тек сыбайластық құқық бұзушылықтың жағымсыз көріністерінің негізгі сәттерін ғана баяндап қоймай, сонымен қатар сыбайластықтың түрлері мен Инспекция жүргізетін бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің нақты мысалдарын келтіреді.

Қаржылық бақылау жұмысының қағидаттарын жариялылық және ашықтық, Инспекция жүргізетін бақылау шараларына азаматтардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қол жеткізу мүмкіндігі негізінде қалыптастыру мақсатында, «Жариялылық» стандартының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы ҚР бюджеттік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де заңнамаларының нормалары үнемі ашып көрсетіледі.

Жалпы алғанда 2015 жылғы 1-жарты жылдықта БАҚ-та 14 мақала жарияланды, телеарна арқылы 2 рет сөз сөйленді, 55 семинар-жиындар мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях