Қазақстан кәсіпкерлерінің экспорттық операциялары – мәні және болашағы

55
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Қазіргі кезде қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтардағы позициясын нығайту және кеңейтуге мүмкіндік беретін, экспортты шетелде қолдау жөніндегі өкілдіктер желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан экспортының соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштері мен құрылымының өзгерістері

Тақырыпты неғұрлым толығырақ ашу үшін, оқырмандарға «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ жұмыс нәтижесі бойынша кейбір деректерді ұсынамыз.

Сонымен, аталған ұйымның экспорттық блок қызметі мәселелері жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – Мейіржан Майкеновтің деректері бойынша – қазіргі кезде әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында өткен (2014) жылы қазақстандық тауарлардың экспорты 2013 жылмен салыстырғанда 7,5 %-ға төмендеді және 78,2 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда барлық қазақстандық өнімдерді шетелге жеткізу көлемінің төмендеуіне әлемдік экономиканың тұрақсыздығы, геосаяси шиеленіс пен сыртқы сұраныстың төмендеуі әсер етті.

Сонымен қатар, Қазақстан әлемнің ең ірі 50 экспортшыларының қатарына кіреді. Қазақстан экспорттық операциялар жүргізетін елдердің жалпы саны 110-нан асады.

Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкцияларының Қазақстанның ЕурАзЭҚ шеңберіндегі сауда балансына әсері

2014 жылдың қорытындысы бойынша ресми статистикадан келіп шығатыны, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 18,9 млрд АҚШ долларына, яғни 2013 жылмен салыстырғанда 20,7 %-ға төмендеді. Бұл ретте импорт экспортқа қарағанда жылдам қарқынмен – 23 % және тиісінше 12 %-ға төмендеді. Батыс салған санкциялар қазақстандық өндірушілерге өзінің Ресей нарығындағы өзінің қатысу үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Өйткені, кедендік кедергілерді болмауы, сауда жасау жағдайларының жақсаруы біздің елдер арасындағы тауар айналымын арттыру әлеуетіне қолайлы әсер етін тигізеді. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық қауымдастық (одақтың) (ЕурАзЭҚ) асындағы өзара сауда отандық тауарлар экспортының өсуінің оң динамикасын береді.

Қазақстандық өндірушілер үшін неғұрлым болашағы бар сыртқы нарықтар

Қазақстан экспортының географиясы 110-нан астам елді қамтиды. Еуропалық Одақ мемлекеттері және Қытай шикізаттарды экспорттауға арналған негізгі өткізу нарықтары болып табылады. Дайын қазақстандық өнімді жеткізуге келетін болсақ, Орталық Азия мен Кеден одағы елдері үнемі негізгі рөлді атқарып келді және оны жалғастыруда. Дайын өнімді өткізу Қазақстан үшін басым міндет болып табылады және атап айтқанда мемлекеттік қолдау ең алдымен дәл осы салаға бағытталған. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы аясында 12 басым нарықтар (Орталық Азия елдері, Ресей Федерациясының аймақтары, Қытай, Иран, Ауғанстан, Беларусь және Кавказ мемлекеттері) анықталды. Азық-түлік саласының, химия өнеркәсібі, машина жасау және металлургия тауарларына деген осы нарықтардағы жиынтық сұраныс 9,5 млрд долларға бағаланады.    

Экспорттық стратегияны табысты іске асыру тұрғысынан үлгі болып табылатын отандық компаниялар мен брендтер

Қазақстандық экспорттаушылар үшін, экспорттық стратегияны табысты іске асыру тұрғысынан үлгі ретінде ұқсауға тырысуға болатын өндіруші, мысалы, аз жүкке бейімделген жүк көліктері мен автобустарын шығарушы «Hyundai Auto Truck & Bus» ЖШС болып табылады, олар өз өнімдерін Беларуське және Қырғызстанға экспорттайды. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ да табысты түрде шетелдік нарықты игеруде, олар Тәжікстан, Украина, Қырғызстан және Түрікменстан сияқты елдерге локомотивтер жеткізеді. «Alageum Electric» ЖШС шығаратын трансформаторлар, Ресей және Орталық Азия нарықтарында үлкен сұранысқа ие. Ұн және макарон өнімдерін өндіруші – «Концерн» Цесна Астық» ЖШС өз өнімдерін Ресей Федерациясына, Тәжікстанға және Грузияға сатады. Белгілі «Рахат» АҚ-ның кондитерлік өнімдері Германия, Ресей және Қытай нарығында табысты түрде ұсынылуда. «Масло-Дел» ЖШС май өнімдері сондай-ақ орыс және қытай нарықтарында өз тұтынушыларын тапты. «Химфарм» ЖШС-нің дәрілік препараттарын Қырғызстан мен Өзбекстанда сатып алуға болады.

Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары

Қазіргі кезде қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтардағы позициясын нығайту және кеңейтуге мүмкіндік беретін, экспортты шетелде қолдау жөніндегі өкілдіктер желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша KAZNEX INVEST-тің 8 өкілдігі Ресей, Беларусь және Иранмен шекаралас аймақтарда, сондай-ақ, Орталық Азия және Кавказ елдерінде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, қаржылық құралдар жолы кеңейтілетін болады – бұл арада өңделген өнімдер мен мақсатты нарықтарға басымдық бере отырып, экспорттаушыларды экспорт алдындағы қаржыландыру және сақтандыруды қолдау мен экспорттық лизинг туралы сөз болып отыр. Бұл мақсат үшін 35 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыруды қолданыстағы құралдар арқылы ұсыну механизмін қарастыруда.

Экспорттық операцияларға келтірілген заңнамалық базалар

ҚР экспорттық операциялардың заңнамалық аспектілері туралы толығырақ ақпарат беру үшін, мемлекеттің экспорттық операцияларға келтірілген заңнамалық базасына тоқталамыз.

ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстандағы экспорттық операциялар мәселесін реттейтін негізгі заңнамалық актілердің бірі болып табылады.

Экспорт саласына қатысты ҚР заңнамасындағы өзгерістер, ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге және ҚР валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға бағытталған.

Қағида «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» (бұдан әрі – Заң), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңдарына сәйкес әзірленген және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу талаптарын (оның ішінде келісімшарттың сомасына қатысты асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін шекті мәнін) айқындайды.

Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың өзіне келетін болсақ, бұл уәкілетті банктер, ҚР Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және басқа да мемлекеттік органдар резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі –репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында өз құзыреттері шеңберінде жүзеге асыратын шаралар кешені.

Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі және қосымша (жеке жағдайлардан) рәсімдерінен және оларды аяқтау талаптарынан, репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасудан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.

                Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, валютаны репатриациялау жөніндегі талаптың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына келіп түсетін құжаттар валюталық бақылау құжаттары болып табылады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш;

2) есептік тіркеуден өтуі тиіс келісімшарттар үшін есептік нөмірдің берілгені туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);

3) мыналарды:

- келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптарының өзгергенін;

- келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын (тауарлар декларациясын, жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) немесе тауарлардың Кеден одағының кеден аумағының ішінде экспорт немесе импорт үшін өткізілуін растайтын құжаттарды қоса алғанда);

- экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі банк шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;

4) шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, төлем және шетел банктеріндегі банк шоттарынан төлемдер мен (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін өзге құжаттар;

5) лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;

6) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті.

Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары Қағидалардың 29-тармағының 1)-5) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға келісімшарттар бойынша репатриациялау талабының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

 

Бұдан басқа, назарларыңызды тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуге қойылатын қолданыстағы талаптарға аударамыз. Негізгі талаптар ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы және Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларының (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін айқындау қағидалары) 23, 24 және 26-тармақтарында белгіленген.

Сонымен, Тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларының 23-тармағында тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру мынадай нысандар бойынша жүзеге асырылады:

«СТ-1» нысанындағы сертификат – Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шығарылатын тауарларға;

2) «СТ-2» нысанындағы сертификат – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және қолданылатын елдерге Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға;

3) «А» нысанындағы сертификат – Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдерге, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға экспортталатын тауарларға;

4) «Оригинал» нысанындағы сертификат – осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген елдерге шығарылатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінім беруші айқындайды).  

Тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларының 24-тармағына сәйкес, тауардың шығу тегін растайтын құжаттар негізінде бір жұмыс күні ішінде ресімделеді, куәландырылады және берілуі мынадай құжаттардың:

1) тауардың шығарылуы туралы нысанын беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішінің, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінім;

2) тауардың шығарылуы туралы сараптама актісінің;

3) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың негізінде береді.

Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат осы баптың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде беріледі.

Тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларының 26-тармағында, тауардың шығу тегі туралы сертификаты жоғары дәрежелі бланкілерде: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші даналары – көшірме түрінде ресімделетіні көзделген. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығу тегі туралы сертификат берген уәкілетті ұйымында сақталады.

Уәкілетті ұйым тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерін пайдалануды, сақтауды және берудің есебін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізеді.

Сіздерді ҚР аумағындағы экспорттық операциялар саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін, тағы да бір нормативтік құқықтық актімен таныстырғым келеді – ол «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы).

Қаулыға 1-қосымшаның 1-тармағында мыналар белгіленген:

1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес, талаптар мыналардың болуын қамтиды:

- сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;

- егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;

- ҚР импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерін қамтитын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушы сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).

Бұдан әрі Қаулыда жасалу, шығу тегі және түрлері әртүрлі экспорттық операцияларды сипаттай отырып, олардың тізбесі көрсетіледі.

Осылайша, бұл мақалада қазақстандық өндірушілердің экспорты саласындағы өзгерістердің, сондай-ақ тауарларды экспорттау кезінде тараптардың міндеттері мен құқықтардың мемлекет бекітетін заңнамалық негіздерінің мәнін аштық.

Е. Е. Гафуров



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях