Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлары

20
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін басқа негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіні мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;

2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;

3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы кезінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) басқа негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар:

1) осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге;

2) осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге міндетті екенін атап өтеміз.

Бұл ретте әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.

Заңның 11-бабының 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілер Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушінің, олардың сатып алуға қатысуға өтінімдерін ұйымдастырушы белгілеген тиісті талаптарға сәйкес келмейді деп тануға әкелетін әрекеттерінен басқа, тапсырыс берушінің де, ұйымдастырушының да тараптарынан жасалатын заңсыз әрекеттер орын алады. Бұндай әрекеттер үшін жауапкершіліктер көзделген.

Сонымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлегені үшін тапсырыс берушінің бірінші басшысына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі жауапкершілік шаралары көзделген.

Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз таныған жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасына және оның орынбасарына, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях