Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

58
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылатын құжаттардың толық тізбесі көзделген.

Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға Электрондық сатып алу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Бұл мақалада растаушы құжаттар (осындай құжаттардың тізімі) электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді дайындау мысалында қарастырылатын болады. Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылатын құжаттардың толық тізбесі көзделген. Төменде конкурстық өтінім беру кезінде ұсынылуы міндетті болып табылатын құжаттар бойынша ғана түсіндірмелер беріледі.

I. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға төменде санамалаған құжаттарды, олардың электрондық (электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған) көшірмелері немесе электрондық құжаттар түрінде ұсынады:

1) әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттарды;

2) конкурсты жариялау күнінен кейін берілген ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу Шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын ұсынады;

. Аталған анықтама Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес ресімделеді (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамалар беріледі). Анықтама конкурсты жариялау күнінен кейін берілуі тиіс.

3) салық төлеушінің салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы конкурсты жариялау күнінің алдындағы кем дегенде бір ай бұрын  веб-портал арқылы алынған мәліметтерді береді.

II. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға төменде санамалаған құжаттарды, олардың электрондық (электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған) көшірмелері немесе электрондық құжаттар түрінде ұсынады:

1) Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді;

2) Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 9-қосымшаға сәйкес электрондық конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді береді. Сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (құрылыс құнының) көлемінің жиынтықтағанда үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шартын ұсынады.

Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызмет немесе жұмыстардың қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушы) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық (қызметтік), техникалық және пайдалану сипаттамасы бар техникалық ерекшелігін береді. Техникалық ерекшелікте ҚР-дың өндіруші – коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарға және нормативтік-техникалық құжаттамаларға сілтеме болуы қажет. Сондай-ақ тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерді, пайдалы үлгілер мен өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шыққан жерінің және өндірушінің атауына сілтемелер мен тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын басқа да сипаттамалары көрсетілуі тиіс;

4) электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді Заңда белгіленген мөлшерде Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 7-қосымшаға сәйкес ресімделген банктік кепілдік түрінде немесе ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.

Әлеуетті өнім беруші (немесе) оның қосалқы мердігерлері не бірлесіп орындаушылары жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген, материалдар мен еңбек ресурстарының бар екендігі туралы қажетті деректерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға береді. Біліктілік туралы толтырылған мәліметтерге мәлімденген ресурстардың әр бір тармағын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарды иеленуі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях