Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

6
Мемлекеттік аудитті толыққанды енгізу мемлекеттік қаражаттарды бақылауды жетілдірудегі маңызды бағыттардың, сондай-ақ алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2015 жылғы 14 шілдеде Алматы қаласының ішкі бақылау қызметтерімен бірлесіп, Қаржылық бақылау комитетін өкілінің, Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысы А. Б. Қарсыбаевтың қатысуымен «Алматы қ. ішкі бақылау қызметінің (ІБҚ) бақылау іс-шараларының қорытындысы және Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға көшудің болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға өтудің негізгі аспектілері баяндалды. Қазақстандағы мемлекеттік аудит – қаржылық мәселелерді, аудит объектілері қызметін ғана емес, сонымен қатар олардың қызметінің барлық бағыттарын қамтитын, анықталған кемшіліктердің негізінде қолдануға болатын ұсынымдарды және тәуекелдерді басқару жөнінде ұсыныстар бере отырып, оның тиімділігін біртұтас және тәуелсіз бағалау.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар қызметінің барлық саласы мен бағыттарын қозғайтын, олардың қызметінің тиімділігін кешенді бағалау жоқ десе де болады. Жалпы алғанда бұл мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдарды дер кезінде және сапалы беру, бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, қаржыны басқару саласында мемлекеттің бақылау қызметінің жаңа бағыттарын жедел енгізу мүмкіндіктеріне әсерін тигізеді.

ІБҚ қызметінің негізгі кемшіліктеріне оларға Бюджет кодексімен (БК) жүктелген функциялардың толық  қамтылмауында, бұл мемлекетті органдардың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ете алмайды. Қазіргі кезде ІБҚ бюджет қаражаттарын пайдаланудың сәйкес келуін ғана бақылай алады, ал БК сәйкес, оларға мемлекеттік органдарды олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша бақылау, сондай-ақ, оны жақсарту туралы ұсынымдар бере отырып, басқару жүйесін де бағалау жүргізу жүктелген.

Мемлекеттік аудитті толыққанды енгізу мемлекеттік қаражаттарды бақылауды жетілдірудегі маңызды бағыттардың, сондай-ақ алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі болып табылуы мүмкін.

Ішкі аудиттің негізгі міндетіне – мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген тура және ақтық нәтижелерге қол жеткізуін, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, оның ішінде оларға бекітілген міндеттердің орындалуын, көрсетілетін қызметтердің сапасын талдау, сондай-ақ Қоғамдық сектордың халықаралық қаржылық есептілігінің стандартына (ҚСХҚЕС) сәйкес есептеулер әдістемесі бойынша, бухгалтердік есепті жаңа есептеулер әдістемесіне сай енгізу жататын болады.

Ішкі аудит функциясының табысты түрде дамуы және жұмыс сапасын арттыру үшін, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс, осыған байланысты мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жүйесін енгізу көзделуде, бұл ІАҚ қызметкерлерінің біліктілігін тиісті деңгейге арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте бірінші басшысының ІБҚ қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау және одан босатуының қолданыстағы жүйесі, қалай дегенмен де олардың толық тәуелсіздігін шектейді, ал «тәуелсіздік» стандартының негізгі мақсаты бақылау органдары мен олардың қызметкерін бағалау мен ұсынымдардың әділдігін, объективтілігін қамтамасыз ету.

Ішкі бақылау қызметінің мемлекеттік аудитке көшуі қаржылық және өзге де бұзушылықтардың алды алуды, оларды болдырмауды, бизнес-процестерді жақсартуды, сондай-ақ бірінші басшыға корпоративтік басқарудың тиімділігін артыруға арналған қажетті объективті ақпаратты беруді көздейді.

Тәуекелдерді бейтараптандырудың ішкі механизмдерін енгізу мүмкіндігі пайда болады, бұл басшыны, негізсіз міндеттемелер мен зияндарға жол бермеу үшін мемлекеттік органда болып жатқан процестерге жедел назар аударуға жұмылдырады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях