Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуы

34
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада, мемлекеттік сатып алу туралы шартты дайында және жасасу процесінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы болатын жағдайлар көзделген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада, мемлекеттік сатып алу туралы шартты дайында және жасасу процесінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы болатын жағдайлар көзделген. Көптеген жағдайларда бұл құқық тапсырыс берушінің міндеті болып табылады, өйткені тапсырыс берушінің төменде келтірілген жағдайларға іс жүзінде әсер етуге еш мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайда, тапсырыс беруші тіпті әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шартты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін де сатып алуды өткізуден (шарт жасасудан және оны орындаудан) бас тартуға құқылы. Заңның 5-бабының 10-тармағында мына жағдайлар белгіленген (олар орын алған жағдайда тапсырыс берушіде аталған құқықтар пайда болады):

Ø Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

Ø Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

Ø өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;

Ø конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.

Маңызды. Заңның 45-бабына сәйкес, жоғарыда көрсетілген (тапсырыс берушінің шешімі) әрекеттер әлеуетті өнім беруші тарапынан мемлекеттік бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

Көптеген азаматтық-құқықтық шарттар сияқты мемлекеттік сатып алу туралы шарт та оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді Бұл талап Заңның 40-бабының 1-тармағында көрсетілген. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол ҚР заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Мемлекеттік органдар мен мекемелер шарттарды ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылығының бөлімшелерінде тіркейді.

Маңызды. Заңның 40-бабы-2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.

Шарт жасалғаннан және ол заңды күшіне енгеннен кейін тараптардың (өнім беруші мен тапсырыс берушінің) мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарын және өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындау уақыты келеді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях