Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану

80
Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамада, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы сотқа жүгінуге негіз болып табылады.

Қазіргі кезде соттарда өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану бойынша көптеген істер қаралуда. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы дауларды қарау кезінде соттар жоғарыда аталған Заңның номаларымен қоса, «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысының ережелерін де басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамада, Азаматтық кодексте, Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделгендей, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы сотқа жүгінуге негіз болып табылады.

Сот тәжірибесі көрсеткендей осы санаттағы істерді қарау кезінде мемлекеттік сатып алу субъектілері, әсіресе мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманы жиі бұзады. Олардың неғұрлым көп тарағандары: әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен жүгіну мерзімін сақтамау, тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын тиісті түрде жіберу жөніндегі талапты елемеуі. Жалпы алғанда бұндай жағдаяттар соттардың қанағаттандырусыз қалдырған талап арыздарының санының артуына әкеп соғады, сондай-ақ жосықсыз өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне әрі қарай қатыса беруіне мүмкіндік береді. Әлеуетті өнім берушілер тарапынан жиі кездесетін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар – сатып алудың жеңімпазы болып танылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тарту болып табылады.

Заңнаманың жоғарыда аталған талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, сот отырысына қатысатын прокурорлар сот алдында мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік органдардың немесе уәкілетті органның басшыларының атына жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығару туралы қолдаухат береді

2014 жылы Республика бойынша тұтастай алғандағы жағдай қатерлі сипатқа ие болы. Сол себепті қазіргі кезде осындай сипаттағы істерді қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау көзделуде. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану құқығын уәкілетті органға беру ұсынылады.

Бұндай жаңалық «Азаматтық іс жүргізу кодексі» заңнамалық жобасында көзделген. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танудың сот рәсімдерін алып тастауды ҚР Қаржы министрлігі ұсынып отыр.

Министрлікте бұндай жаңалық соттарға артылатын жүктемені төмендетіп, істерді қарауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарды азайтады деп болжайды, өйткені бұнда сот ісін қараулар санаты еліміздегі аяқталған өндірістік сот істерінің жалпы санының 35 %-ын құрайды.

Бұл жағдайда, аталған үдерісті, тапсырыс берушілерден келіп түсетін расталған мәліметтердің негізінде Жосықсыз қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу мәселесін шешетін уәкілетті органға тапсырған дұрыс болады. Қаржы министрлігі әзірлеген заң жобасында жосықсыз деп танылған өнім берушіге уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағымдану құқығы беріледі.

Бұл ретте көрсетілген тұлға, яғни жосықсыз өнім беруші азаматтық істің қорытындысына мүдделі болады және сотқа қажетті құжаттарды бере отырып, оның жылдамырақ шешілуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу бойынша соттық даулар саны арту үстінде. Мысалға, астаналық соттарда 2014 жылы қаралған істер саны мыңға артты.

Жыл сайын, аталған заңды (жаңартылған «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы) қолдану аясында туындайтын даулар ұлғая түсуде.

Бұл заңның мақсаты біреу ғана – мемлекеттік сатып алуға бөлінетін мемлекет қаражатын тиімді пайдалану. Бірақ оны қолдану белгілі бір талас пікірлерді, оны дұрыс ұғынбаушылықтарды тудыруда, осыған байланысты көптеген талап арыздар пайда болуда. Жылдан жылға бұндай талап арыздар саны өсу түсуде.

Астана қаласының судьясы Таткеева Қарлығаш берген ақпарат бойынша 2014 жылғы 9 айда астана сотында қаралған істердің саны 1 000-нан асады, талап арыздар саны – 3 801. Өткен жылдың осы кезеңінде 2 896 сот дауы тіркелген болатын.

«Бұл ретте апелляциялық инстанцияның өзгертілген шешімдер саны – 8 шешімге, күшін жойған шешімдер саны – 14 бірлікке азайды. Қаралған істердің негізгі санын, көбінесе «Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы» талап арыздар құрайды. Соттар осындай 3 506 істі қарады. Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша сомаларды өндіріп алу бойынша – 202 іс, осындай дау туралы шарттарға өзгерістер енгізу туралы – 15 іс қаралды», – деп нақтылады Қарлығаш Таткеева.

Әрине, бұл арада сұрақ туындауы мүмкін: егер қолданыстағы заңнамаға тиісті толықтырулар енгізілсе және өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану құзыреті, оларды тізілімге енгізу мәселесін шешетін уәкілетті орган берілетін болса, не өзгереді, өйткені істер соттан алынып басқа органға беріледі, тиісінше есептілікте болатын сол мемлекеттік орган дәл солай жүктемені алып жүре алмайтын болады емес пе?

Иә, бір қарағанда жағдай дәл осылай көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде басқаша болады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар сотқа талап арыз беру кезінде «әкімшілік ресурстар» деп аталатын ауыртпалықты тартпайды.

Бұл нені білдіреді?

Бізге «әкімшілік ресурстар» деп, заңдық тұрғыдан бағыныстылық қатаң сақталатын барлығына мәлім ұғымды түсінеміз. Сонымен мемлекеттік сатып алуға қатысушылар – тапсырыс берушілер мен өнім берушілер, бір жағынан мемлекеттік орган немесе ұйым не мемлекеттік мекеме, ал екінші жағынан – өз қызметінен тек пайда табуды мақсат етуді көздейтін жеке кәсіпкер, не заңды тұлға. Яғни, олар биліктің сот тармағына бағынышты емес және сондықтан істерді сотқа жіберу олар үшін түк емес. Соттар болса, азаматтық құқықтың заңнамалармен бекітілген өз құзыреттілігінің күшіне қарай, бұндай істерді әділ және тараптар ұсынған дәлелдерге сәйкес қарауға мәжбүр.

Егер, бұндай сипаттағы істер уәкілетті органның құзыретіне жатқызылса, біріншіден, олар пайда болу сатысы кезінде-ақ «бұзыла» бастайды, яғни, бұл жағдайда құқықтануда қолданылатын құқық бұзушылықтың алдын алу ережесін қолдану көрініс табатын болады. Өйткені уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында болып жатқандардың барлығын конкурс кезеңінде бақылауға алуға құқылы. Және екіншіден, егер араласу және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға қандай да бір баптарды қатайтуды немесе керісінше – жеңілдетуді енгізу туралы бастамамен шыға алады. Яғни, уәкілетті орган тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы қатынастарды уақтылы реттеп отырады, бұның өзі осындай санатты істердің санын азайтары сөзсіз. Осылайша, құжат айналымы қысқарып, мамандардың жүктемесі азаяды, соттардың маңыздылығы бұлардан кем емес істермен айналысуға мүмкіндіктері пайда болады. Ал егер уәкілетті орган бұндай істерді қарау кезінде қателіктерге жол берер болса, онда тарап сотқа жүгінуге құқылы болады.

Қорытындылай келе, құзыретіне осындай санаттағы істерді қарау кіретін органды өзгерту, талапкерлерге мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі өз мүдделерін неғұрлым сенімді және батыл қорғауға мүмкіндік береді деп айтуға болады.

Сонымен қатар «Электрондық коммерция орталығы» – электрондық мемлекеттік сатып алу саласының бірыңғай операторы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша – электрондық мемлекеттік сатып алу порталында жаңа функционалдың енгізілуіне орай, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімін (ЖҚТ) тапсырыс берушілердің өздерінің қалыптастыруы мүмкін болды. Ендігі жерде қатысушының жосықсыздығын тану үшін заң күшіне енген сот шешімі талап етіледі. Бұдан әрі – қатысушыны Тізілімге енгізу үшін тапсырыс берушінің басқа инстанцияларға хат жіберуі немесе жүгінуі қажет емес. Порталға кіріп, нұсқаулыққа сәйкес сот шешімінің сканерленген көшірмесін, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркесе жеткілікті. Содан соң өтінім уәкілетті органға – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетіне түседі, өз кезегінде уәкілетті органның өкілі порталға кіру арқылы оны тексереді және өнім берушінің Тізілімге енгізілгенін растайды. Яғни, Тізілімге енгізу үшін, қазіргі кезде уәкілетті органнан енгізу фактісінің өзі емес, тек қана Тізілімге енгізгені туралы растау ғана талап етілетін болады.Тізілімді қалыптастыруға деген бұндай жауапкершілік, тапсырыс берушінің жосықсыз қатысушы өнім берушіні мемлекеттік сатып алу процесінен өз бетінше шеттеуіне мүмкіндік береді, бұл тапсырыс берушінің өнім берушінің жосықсыз әрекеттеріне жедел араласуының арқасында басқа тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге зиян келтіруді болдырмауды мүмкін етеді және ендігі барлығы жерде тұтастай алғанда тапсырыс берушіге байланысты болады.

Сондай-ақ, мәселе бұлай қойылған жағдайда, аталған автоматтандырудың көмегімен қағаз құжаттар айналымының азаюымен қатар, жосықсыз өнім берушілерді есепке алу рәсімінің жеңілдетілетіні де едәуір маңызға ие және тиісінше мемлекеттік органдар тарапынан уақыт және еңбек шығындары да қысқаратын болады. Аталған кезеңде бұл осындай көрініс табады.

Бұдан басқа, ағымдық жылда мемлекеттік сатып алудың веб-порталын сот шешімінің электрондық көшірмесін алуға арналған Жоғарғы соттың «Төрелік» атты ақпараттық жүйесімен жаңарту жоспарлануда.

Е. Е. Гафуров



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях