Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі

29
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес, Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Бұдан әрі көрсетілген ерекшеліктің әрқайсысына тоқталамыз.

Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес, Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Бұдан әрі көрсетілген ерекшеліктің әрқайсысына тоқталамыз.

Бірінші ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындысы бойынша мемлекеттік атып алу туралы шарт жасасуға қатысты. Заңның 31-бабының 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және ол мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуге тиіс.

Екінші ерекшелік аукцион тәсілімен мемлекеттік атып алу қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қатысты. Заңның 35-8-бабының 9-тармағынан келіп шығатындай, аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт өзіне берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қол қоюға және оны ұсынуға тиіс.

Маңызды. Заңның 35-8-бабының 10-тармағында, егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазының баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы екендігі көзделген.

Сонымен қатар, Заңның 35-8-бабының 11-тармағында, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткердің баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы екендігі белгіленген. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях