Кеден одағы аясында аккредиттелген органдардың қатысушылары

38
Кеден одағы аясында аккредиттелген органдардың қатысушылары
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Кеден одағы аясында аккредиттелген органдардың қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізуге қатысты мәселелер өзекті болып табылады

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысушылар үшін Кеден одағы аясында аккредиттелген органдардың қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізуге қатысты мәселелер өзекті болып табылады.

Бірінші кезекте аккредиттеу органдарының қызметіне қатысты мәселелердің құқықтық аспектілерін қарастырамыз.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Аккредиттеу туралы заңнама) 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес, аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.

Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, аккредиттеу жөніндегі орган – конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі болып табылатын заңды тұлға.

Аккредиттеу және аккредиттеу жөніндегі органдар туралы түсінік.

Аккредиттеу және аккредиттеу жөніндегі органдар туралы түсінікті қарапайым мысалдар арқылы қараймыз.

Жоғарыда Аккредиттеу туралы заңнаманың жалпы анықтамалар беретін нормалары көрсетілген. Біздің міндетіміз – осы анықтамалардың мәнін ашу. Заңның 1-бабының 1-тармақшасына сүйенсек, Қазақстанда, өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми тану үшін өтініш берушілер (Өтініш беруші – аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға) жүгіне алатын аккредиттеу жөніндегі арнайы органның бар екені анық.

Ұлттық аккредиттеу орталығы сайтының деректері бойынша Қазақстанда аккредиттеу жөніндегі орган – 2000 жылғы тамызда құрылған Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – ҰАО) болып табылады. 2000 жылдан бастап ҰАО Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның (ILAC) үлестес мүшесі болып табылады. 2007 жылы ҰАО ILAC-тың қауымдастырылған мүшесіне айналды.

ҰАО-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

 Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеу.

ҚР аккредиттеу субъектілері жұмысының нәтижелерін халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің тануына арналған жағдайлар жасау.

Халықаралық аккредиттеу жүйесіне көшу.

 Аккредиттеудің заңнамалық және нормативтік базасын реформалауға қатысу.

 Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар желісін халықаралық стандарттар талабына сәйкес дамыту.

 Аккредиттеу жөніндегі ILAC, IAF халықаралық ұйымдарына толыққанды мүшелікке кіру.

Аккредиттеу субъектілеріне төмендегілер жатады:

сәйкестікті растау жөніндегі органдар;

сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

өлшемдерді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестаттауын жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестігін бағалау нәтижелері ҚР бүкіл аумағында мойындалады.

ҚР аумағында сәйкестікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдіктері олардың қызметінің нәтижелері мойындалу үшін Аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес аккредиттеуге жатады.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар туралы жалпы ақпараттар.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнімді (қызметтерді) өндірушілерден (орындаушылар), өнімді (қызметтерді) жеткізушілер және тұтынушылардан тәуелсіз болуы керек.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша Аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес аккредиттеледі. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдарының аккредиттеу облыстары жеке бекітіледі.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау үдерісінің әділдігі және шынайылығына әсер ететін кеңес беру қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ.

Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауын жүзеге асыратын заңды тұлғалар туралы жалпы мәліметтер

Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өзінің қызметін Аккредиттеу туралы заңнамаға, ҚР техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнімді (қызметтерді) өндірушілерден (орындаушылар), өнімді (қызметтерді) жеткізушілер және тұтынушылардан тәуелсіз болуы керек. 

Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) өлшемдердің қадағалануын ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес шама бірліктердің мемлекеттік эталондарынан, олар болмаған жағдайда – басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы қамтамасыз етуі керек.

ҰАО сайтының деректері бойынша, Кеден одағы аясында аккредиттеу мәселесі бойынша екі негізгі Келісім қабылданды:

1. Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2009 жылғы 11 желтоқсан) (бұдан әрі – Өзара тану туралы келісім).

2. Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға(растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісім (Санкт-Петербург қ. 2009 жылғы 11 желтоқсан)(бұдан әрі – Өнімнің айналымы туралы келісім).

Өзара тану туралы келісімнің 3-бабына сәйкес, келісім Тараптары мемлекеттерінде (Кеден одағының қатысушылары) аккредиттеу жөніндегі органдар:

- ұлттық аккредиттеу жүйелеріндегі аккредиттелген сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдар мен сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларының (орталықтарының) тізілімін жүргізеді;

- Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ақпараттық жүйесіне аккредиттеуге қатысты және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы Келісімде көзделген мәліметтер мен құжаттарды береді;

- келісім тараптары – мемлекеттерінің аккредиттеу жөніндегі органдарының өкілдеріне қолданылатын рәсімдердің тең мәнділігіне қол жеткізу мақсатында өзара салыстыра бағалауды жүзеге асыру мүмкіндігін береді;

- келісім тараптары – мемлекеттерінің ұйымдарынан (кәсіпорындарынан) түсетін өздері аккредиттеген сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдар мен сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларына (орталықтарына) шағымдар мен талаптарды қарайды және оларға қатысты шешімдер қабылдайды.

Өнімнің айналымы туралы келісімнің 4-бабына сәйкес, осы келісімді іске асыру мақсатында Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) қалыптастырылады.

Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Бірыңғай тізілімге енгізу, сондай-ақ Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейді.

 

Егер оған қатысты Тараптар бірдей міндетті талаптарды, сәйкестікті растаудың бірдей нысандары мен схемаларын, сондай-ақ сәйкестікті растауды өткізген кезде өнімді зерттеудің (сынаудың) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістерін белгілеген өнім бірыңғай кедендік аумаққа айналысқа жіберіледі.

Оның үстіне бұндай өнімдер тараптар мемлекеттерінің кез келгенінің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен мынадай шарттарды сақтай отырып өтуі үшін:

сертификаттауды Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органның өткізуі;

сынақтарды Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) өткізу;

сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу қажет.

Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысанын Кеден одағының комиссиясы белгілейді.

.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін өнім бірыңғай құжаттар беру арқылы Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізіледі.

Гафуров Е.Е

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях