ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алудың проблемалары

38
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
ЕурАзЭО-ға қатысушы үш елдің сарапшылары МСБН-ды дамыту жолдарын бұған дейін де бірнеше мәрте талқылаған. Бірінші кезекте ЕурАзЭО-ға қатысушы елдер үшін электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін біріктіру қажет.

Беларусь Республикасы, Қазақстан және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясында өткен бірлескен жиындарда мемлекеттік сатып алуды өткізу проблемаларын бірнеше мәрте көтерілді. Белгілі болғандай, 2015 жылғы 2015 жылғы қаңтарда ЕурАзЭО-ға Армения қосылды, алдағы уақытта Қырғызстан қосылмақ.

Осыған байланысты, сол елдердің мемлекеттік органдары әр мемплекет ішіндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізді және жүргізілуде. Осы мақсатта кәсіпкерлердің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен түрлі конференциялар, брифингтер және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, онда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ортақ қорытындыға келтіруге мүмкіндік беретін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселелері қарастырылады. Бұл ретте Қазақстан аталған мәселені шешуде көшбасшы позициялардың біріне ие.

 Сонымен, 2015 жылғы 20 наурызда Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комисияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқаның мүшесі Нұрлан Алдабергенов мәлімдеме жасады, онда ол 2016 жылы Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын құру жоспарланып отырғаны туралы хабарлады.

Білу қажет. Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын құруға арналған мемлекеттік аппараттың механизмін іске қосу мүмкін болу үшін, Қазақстанның бейрезиденттеріне арналған электрондық кілт беру мәселесін жеңілдету қажет.

Ресей және Беларусь арасында бұндай өзара қарым-қатынастың сұлбасы бар, алайда көрсетілген ркспубликаларлың кәсіпкерлері Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуға еркін қатысуы, ал біздің кәсіпкерлердің Беларусьтің және Ресейдің мемлекеттік мекемелеріне тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді кедергісіз жеткізулері үшін, Қазақстанға заңнамаларға қосымша өзгертулер енгізу қажет.

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын (бұдан әрі – МСБН) құру рәсімі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесі кезінде заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдарды біріктіреді. МСБН-ды құрудың артықшылықтары: рәсімдерді жеңілдету, экспортталатын және импортталатын тауарларды сатып алуды жылдамдату, яғни, елдер арасындағы тауар айналымын арттыру.

ЕурАзЭО-ға қатысушы үш елдің сарапшылары МСБН-ды дамыту жолдарын бұған дейін де бірнеше мәрте талқылаған. Бірінші кезекте ЕурАзЭО-ға қатысушы елдер үшін электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін біріктіру қажет.

Маңызды. МСБН-ды құрудың жағымды жағы ақша қаражаттарының үнемделуі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатыны сөзсіз.

МСБН-ды құру кезінде сыбайлас жемқорлық автоматты түрде жойылады, өйткені мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында жеке байланыс болмайды.

МСБН-ды құру мақсатында арнайы уәкілетті орган – ЕЭК мемлекеттердің ұлтық деңгейде қабылданатын мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалық актілерінің мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл ретте қабылданған стандарттарға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі – НҚА) өзгертулер енгізіледі, ал бәсекелестікті шектейтін немесе өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің құқықтарына қысым келтіретін НҚА өзгеріледі немесе тиісті қаулылар немесе жарлықтар шығару арқылы күштерін жояды.

Сонымен қатар, әлемдік экономикалық дағдарысқа, сондай-ақ энергия тасығыштарға бағаның түсуіне байланысты ЕурАзЭО елдерінде тауар айналымы төмендеген. Егер жақында ғана кедендік «үштік» елдері ЕурАзЭО аясында еркін орын ауыстыратын тауарлардың ортақ нарығына ие болған болса, ендігі жерде тауар айналымының құлдырауына, сондай-ақ МСБН-ды қалыптастыруға байланысты өнім берушілер мен тапсырыс берушілер үшін мынадай жаңалық неғұрлым қызықтырақ болып табылады: қызмет көрсету сферасының ондаған секторлары бойынша осыған ұқсас келісімдерге қол жеткізілді. Бұндай жеңілдіктер салмақты болып есептеледі, өйткені бұл Беларусь, Ресей және Қазақстан экономикасының жарты десе де болады.

Алдағы уақытта әрбір тапсырыс беруші серкіктес елдің өнім берушісіне «өзінің» әлеуетті өнім берушісі деп қарайтын болады.

Маңызды. Бұл, әр компанияның ЕурАзЭО-ның бүкіл кеңістігінде өз үйіндегідей – заңды тұлға нысанында қосымша тіркелместен қызметін жүзеге асыра алтындығын білдіреді, ал ол алған лицензия, егер аталған қызметті жеткізуге қажет болған жағдайда, серіктес – мемлекетте өзара танылатын болады.

Қазіргі кезде 2016 жылы МСБН-ды құруға деген үрдіс жоспарлануда. Осылайша, барлық елдердің кәсіпкерлері ЕурАзЭО-ға қатысушы мемлекеттер ішіндегі нарықтаға қарым-қатынасқа теңдей жағдайда қол жеткізе алады. Бұл бәсекелестікті едәуір арттыра түседі, тиісінше қызмет сапасының өсуіне әкеледі және мемекеттік қаражат үнемделеді. Мәселенің құны едәуір жоғары: 2014 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алуларының бірыңғай нарығының көлемі 264 млрд долларға жуық болды.

Көрсетілген артықшылықтардан басқа кәсіпкерлерге арналған бонус та бар. Бұл үшінші елдердің нарығына шығуға рұқсат алу кезінде ықпал жасау. Бұндай құзырет ЕурАзЭО туралы шартта ЕЭК-ға берілген. Көбінесе ЕЭК сонымен қатар, Беларусьтің, Ресейдің және Қазақстанның уәкілетті органдарымен өзара қарым-қатынаста сауда-саттық серіктестерінің тарапынан кемсітпеушілік тәсілді қамтамасыз ету мақсатында, одақтың үшінші елдегі нарықтарындағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысты кедергілерді анықтау және жою мәселелерімен де айналысатын болады. ЕурАзЭО-ға қатыспайтын, бірақ қатысушы елдердің қандай да бірімен МСБН арқылы сауда-саттық серіктестік қарым-қатынасы бар елдер, бұған көнулеріне және ЕурАзЭО-ға қатысушы басқа елдерге теңдей қызметкөрсетуге, жұмыстарды орындауға және тауарларды жеткізуге мәжбүр болады.

Осы жағдайды толығырақ қарастырамыз.

Заңнан дәйексөз: Сонымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер ҚР заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).

Осылайша, МСБН-ды құру кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті беру үшін ЕурАзЭО-ға қатысушы елдердің салық органдарында тіркелуге міндетті кәсіпкерлер өнім беруші ретінде әрекет етеді. Яғни, аталған өнім берушілер мемлекеттік органдармен әкімшілік-өкімдік сипаттағы қарым-қатынастарға тікелей ие болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді беру кезінде негізінен жапондық, америкалық, неміс брендтерін пайдаланады. Мысалы, мемлекеттік мекемелерге Toshiba, Sony, Panasonic сияқты және басқа да брендтердің (маркалардың) кеңселік, компьютерлік техникаларын жеткізу кезінде осы жағдай орын алады. Осыған байланысты ЕурАзЭО-ға қатысушы мемлекеттер жаға НҚА-лар әзірлей және шығара не қолданыстағыларына өзгерістер енгізе алады. Бұндай өзгертулер кәсіпкерлерді, мысалға Қазақстаннның мемлекеттік ұйымдарына арналған жеткізулерге қатысушы Ресей кәсіпкерлерін Жапониядан компьютер жеткізушілермен жасалатын келісім-шарттарға, сол компьютерлерді Қазақстанның кәсіпкерлеріне арналған компьютерлерді де Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған жеткізулердің бағасына ұқсас бағамен жеткізу туралы тармақтарды енгізуге міндеттейтін болар еді.

Өз кезегінде, біздің отандық өнім берушілер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Беларуське беру кезінде өздерінің Германиядағы өнім берушілеріне арналған осыған ұқсас тармақтарды енгізер еді. Тиісінше, осындай оңтайлы үлгінің нәтижесінде жеткізілетін тауралардың бағасын теңдестіру және /немесе төмендету есебінен барлық үш елдің жалпы тұтыну қабілеті айтарлықта артатды, тиісінше салықтар көбейеді және біздің мемлекттеріміздің қазынасы едәуір толығады.

Білу қажет. 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстанның және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары, 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияны негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕЭО туралы шарт) қол қойды.

Заңнан дәйексөз. ЕЭО туралы шарттың 88-бабының 1-тармағына сәйкес, мүше мемлекеттер мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу (бұдан әрі – сатып алу) саласында реттеудің мынадай мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды:

- сатып алу саласындағы қатынастарды мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен және мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен реттеу;

- мүше мемлекеттерде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

- мүше мемлекеттерге сатып алу саласында ұлттық режим ұсыну;

- үшінші елдерге сатып алу саласында мүше мемлекеттерге ұсынылатынға қарағанда неғұрлым қолайлы режим ұсынуға жол бермеу;

- сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;

- бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны басқа мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- мүше мемлекеттің сатып алу саласында уәкілетті реттеуші және бақылаушы билік органдарының болуын қамтамасыз ету (осы функцияларды бір органның орындауына жол беріледі);

- мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;

- сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.

ЕЭО туралы шарттың жоғарыда көрсетілген ережелеріне сәйкес, МСБН-ды құру ЕурАзЭО-ға қатысушы елдердің ішіндегі мемлекеттік сатып алу саласындағы қарым-қатынастарды неғұрлым жеңілірек реттеуге әкеледі, мемлекеттердің бюджеттік шығыстарын азайтуды қамтамасыз етеді, қатысушыларға мемлекеттік сатып алу мәселелерінде ұлттық деңгейде дербестік береді.

Сондай-ақ, МСБН-ды құру, ЕурАзЭО-ға қатысушы елдердің мемлекеттік сатып алу мәселелерінде тапсырыс беруші/өнім беруші қарым-қатынасындағы бәсекелестік мәселелеріне әсер ететіні сөзсіз, жеткізілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің деңгейін арттырады, сатып алулардың ақпараттық ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде өнім берушілер іргелес жатқан мемлекеттердің аумағындағы электрондық сатып алуларға қатысуға кедергісіз рұқсат алады, бұл мемлекеттік органдардың серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларын реттеуіне мүмкіндік береді, өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттырады және ЕурАзЭО-ға қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі әрекеттері мен саясатын неғұрлым тиімді етеді.

Заңнан дәйексөз. ЕЭО туралы шарттың 88-бабының 2 және 4-тармақтарында, осы шарттың күші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын сатып алуларға қолданылмайды, сондай-ақ ЕЭО туралы шарттың аталған баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.

Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері өздерінің сатып алуды жүзеге асырудың ішкі қағидаларына (бұдан әрі – Сатып алу туралы ережеге) сәйкес әкімшілік-шаруашылық мұқтаждарды қамтамасыз ету, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін сатып алуды жүзеге асыратынын атап өтеміз. Сатып алу туралы ереже ЕЭО туралы шарттың жоғарыда көрсетілген бабында жазылған мақсаттарға және қағидаттарға қайшы келмеуге, оның ішінде мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс. Айрықша жағдайларда ұлттық (орталық) банктің жоғары органының шешімімен көрсетілген Сатып алу туралы ережелердің қағидаттарынан ерекшеліктер белгіленуі мүмкін.

Сонымен қатар, сатып алу туралы ереже сатып алуға қойылатын талаптарды, оның ішінде сатып алу рәсімдерін дайындау және жүргізу тәртібін (сатып алу тәсілдерін қоса алғанда) және оларды қолдану шарттарын, шарттарды (келісімшарттарды) жасасу тәртібін қамтуға тиіс.

Бұл ретте сатып алу туралы ереже және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жоспарлап отырған және жүзеге асырған сатып алу туралы ақпарат Сатып алу туралы ережеде айқындалған тәртіппен мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.

Білу қажет. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңының 1-бабына сәйкес, мемлекеттік құпияға мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер жатады.

Аталған мәліметтердің, сондай ақ жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтердің таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейді.

Қорытындылай келе, МСБН-ды құру бойынша бастаманың Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің сыртқы экономикалық қарым-қатынасына оң әсер ететіні, сондай-ақ Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз екенін айта кеткен жөн.

Е. Е. Гафуров

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях