ҚР мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру

13
Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ҚР Үкіметі ішкі бақылау бойынша өкілеттік берген уәкілетті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру

Біздің еліміздің экономикасының дамуы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама экономикалық қатынастардың маңызды бағыттарының бірін реттейді, тиісінше оны үнемі жетілдіріп отыру қажет. Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу саласының негізгі сала болып табылатынын және мемлекеттік бюджеттің тиімді орындалуына тікелей әсер ететінін бірнеше мәрте атап өткен.

Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ҚР Үкіметі ішкі бақылау бойынша өкілеттік берген уәкілетті орган болып табылады.

Маңызды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулердің мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтар деңгейін төмендетуге әсер еткенін атап өткен жөн. Бұл бірініші кезекте, мемлекеттік сатып алудың жартысынан көбінің электрондық форматта өткізілуімен байланысты, яғни рәсімдер едәуір оңайлатылған, процесс неғұрлым жариялы және ашық өтеді, бюджет қаражаттарын үнемдеуге ықпалын тигізеді. Осыған қоса, 2014 жылы құжаттамаларды ресімдеуге жасалған ескертулер бойынша өнім берушілерге рұқсат бермеуге мүмкіндік беретін нормалар күшін жойған болатын.

Мысалға, өтінімдерді белгіленген талаптарға сәйкес келтіру құқығы туралы норманы енгізу, олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуға негізсіз рұқсат бермеу жағдайларын қысқартуына мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар деңгейінің төмендеуінде әкімдердің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының сатып алулар бойынша шешімдер қабылдауы кезіндегі жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан күшейту айтарлықтай рөл атқарды.

ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының тәжірибесіне сүйенсек, тексерулер қорытындысы бойынша өкінішке орай, іс жүзінде бұзушылықтар мемлекеттік сатып алуды жүргізудің барлық сатысында анықталады екен.

Бастапқыда жоспарлау сатысында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту және оны веб-порталда орналастыру мерзімдері бұзылады. Жекелеген жағдайларда, жылдық жоспарда сатып алуға бөлінген сомалар, қаржыландыру жоспарында немесе бизнес-жоспарларда бекітілген шығыстар мен кірістер сметасына сәйкес келмейді. Мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде әлеуетті өнім берушілерге заңнамада көзделмеген талаптар жиі белгіленеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы орналастырылатын ақпаратта, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаларда тауарлық таңбаларға, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілі екендігін айқындайтын басқа да сипаттамаларға сілтеме жасауға жол беріледі. Ұйымдастырушылардың осыған ұқсас талаптарды белгілеуі бәсекелестік ортаны тарылтады, сол арқылы әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуға тең мүмкіндік беру қағидаттары бұзылады.

Мысалы. Біртектес тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар оларды лоттарға бөлмейді, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері күнтізбелік он бес күннен кем көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың алдын ала рұқсат беру сатысында өнім берушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуінің нақты себептерін, атап айтқанда қандай құжаттың тиісті түрде ресімделмегенін немесе ұсынылмағанын көрсетпеуіне байланысты, қатысушылар көбінесе, өз өтінімдерін үш жұмыс күні ішінде сәйкестікке келтіру құқығын пайдалана алмайды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға заңсыз рұқсат бермеу бөлігі бойынша байқалады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар, мемлекеттік сатып алу заңнамасында бұған тыйым салынғанына қарамастан, әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілмеген негіздер бойынша қатысуға рұқсат бермейді.

Сатып алу нысаны тауар болып табылған жағдайдың өзінде де, қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынбауы себепті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға заңсыз рұқсат берілмейді. Тек шартты бағаға ғана әсер ететін жұмыс тәжірибесі бойынша анық емес ақпарат бергені үшін, сапа менджменті, қоршаған ортаны басқару менеджменті сертификаттарының болмағаны үшін де қатысуға рұқсат берілмей жатады.

Маңызды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың тиісті белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға рұқсат беру фактілері орын алып отырады. Кейбір жағдайларда, өтінімдерді қарау кезінде таңдау тәсілдерін қолдану байқалады. Оған қоса, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізбесінде тұрған, сондай-ақ басқа да шектеулері бар әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беріледі.

Конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарына, ақыр соңында өнім берушіні таңдауға әсер ететін критерийлерді дұрыс емес (кейде қасақана) есептеулеріне жол беріледі.

Мәлімет үшін. Сондай-ақ бұзушылықтың пайда болуына, заңнама нормаларын қарапайым білмеушілік те себеп болады, соның нәтижесінде Қаржылық бақылау инспекциясына заңнама талаптарының сақталмауына, мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына шағымданулар мен жүгінулердің саны артады.

Қаржылық бақылау инспекциясы бұзушылықтарды жою аясында заңнама талаптарына сәйкес әрекет ету шараларын қабылдайды.

Бүгінгі күні Қаржы министрлігінің басшылығы Комитеттің алдына бюджетті орындау және мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бұзушылықтарды азайту бөлігі бойынша міндеттер қойды.

Осыған байланысты, барлық қызмет тек бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар ең алдымен мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға да бағытталған. Бұл мәселенің маңызды екендігі даусыз, бюджетті үнемдеумен бірге көлеңке экономикамен күрес сияқты міндетті шешу де осыған байланысты.

Комитет Электрондық коммерция орталығының мамандарымен бірлесіп, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) жетілдіру бойынша жұмыстарды бастады, ол жедел шаралар қабылдау үшін, мемлекеттік сатып алуды өткізу сатысынан бастап шарт жасасуға дейінгі кезеңдегі бұзушылықтарды дер кезінде айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестіктің механизмі әзірленуде.

Бюджетті атқару кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу (мемлекеттік сатып алу оның құрамдас бөлігі екендігі белгілі) ішкі бақылау (аудит) қызметтерінің негізгі міндеттеріне айналуы тиіс. Қаржылық бақылау инспекциясы аталған қызметтердің үйлестірушісі ретінде Ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) жұмысын бұзушылықтардың алдын алуға бағыттауға ниетті.

Жаңа заңнама жобасында заңнаманың сақталуын бақылау мәселелері бойынша кейбір өзгерістер де енгізілді.

Мәлімет үшін. Мысалы, жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін негіздердің бірі, ТБЖ арқылы алынған ақпарат болып табылуы мүмкін.

Ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің әрекетіне заң жобасында белгіленген кезеңде шағымдану кезіндегі бақылау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Сонымен қатар, заңнама жобасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шарт жасасуға дейін заңнама талаптарын бұзу арқылы қабылдаған шешімдерінің күшін күшін жою туралы функциялар айқындалған.

Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функциялар сот органдарынан Қаржы министрлігіне беріледі.

Жалпы алғанда, мемлекет басшысының тапсыруымен әзірленген жаңа заңнама жобасы, көп жағдайда бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу саласында пайда болып отырған проблемаларды шешеді, бюджетті атқарудың тиімділігін арттырады деген ойдамыз.

Е .Т. Мыңжасаров

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях