Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алатын ұйымдардың жекелеген санаттары

46
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алатын ұйымдардың жекелеген санаттары
Бюджет кодексінің көрсетілген бабында, егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланатыны көзделген.

Заңның 7-бабының 4-тармағында және Ереженің 15-тармағында, аталған Заңның нормаларында көзделген келесі нақты жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдардың жекелеген санаттары белгіленген.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы....

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау, тағайындау процесіне қойылатын жалпы талаптардың Заң нормаларынан бөлек, атап айтқанда Ережелерде қамтып көрсетілгенін атап өтеміз.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бұдан әрі біз бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұғымына, сондай-ақ ол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет еткен жағдайлардағы оның жұмысының кейбір ерекшеліктеріне толығырақ тоқталамыз.

 ҚР Бюджет кодексінің 31-бабы 1-тармағының негізінде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімші болады.

Сонымен қатар, Бюджет кодексінің көрсетілген бабында, егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланатыны көзделген.

Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

 ҚР Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағында, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ҚР Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымы және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негiзге алына отырып айқындалады.

Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары болып табылады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях