Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі

14
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі
Мемлекеттік сатып алу ержелеріне өзгерістер енгізуге алып келеді. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директоры Серікбек Елшібеков форум барысында мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу ержелеріне өзгерістер енгізуге алып келеді. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директоры Серікбек Елшібеков «2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасау саласы» атты форум барысында мәлімдеді.

«Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында еліміздің машина жасау өнімдерінің экспорты 414 млн долларды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 39 %-ға өсті. ДСҰ-на кіргеннен кейін біз қазіргі кездегі қолданыстағы Сатып алу ережелерінен 14 позицияны алып тастауымыздың мүмкін екендігін көздейтін жаңа нормалар қолданыла бастайды. Бұл отандық тауар өндірушілерге берілетін жеңілдіктерге қатысты. Қазір осы мәселемен айналысудамыз. Жедел шаралар қабылдау үшін, біз отандық тауар өндірушілердің ұзақ мерзімді тапсырыстарымен жұмыс жүргізудеміз», – деді «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ басшысы.

Елшібеков, қазіргі кезде 8 айдың қорытындысы бойынша сатып алудың жалпы көлемі қор компаниясының тобында 3,2 трлн теңгені құрағанын атап өтті.

«Бұл ретте жергілікті қамту 72 %-ды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 7 % артық», – деп нақтылады Елшібеков.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жыл басынан бері сомасы 33,6 млрд теңгені құрайтын 106 ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

 «Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде шарт жасасу 40 %-дан асты. Қор компаниясының тобында барлығы 1 трлн 101 млрд теңгені құрайтын 704 ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды», – деп қосты Серікбек Елшібеков.

«Біздің пікірімізше, ұзақ мерзімді шарттар біз ДСҰ-ға кірген кезде шартқа қол қойылған кезеңдегі позициямызды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты жалғастыру үшін, біз бірқатар шаралар өткізудеміз. ДСҰ-ға кірген кезде отандық бизнесті сақтап қалу проблемасы пайда болатынын ескере келе, біз әлемдік тәжірибелерді зерделедік және жаңа ережелер тұжырымдамасы әзірленді. Олар жасалды және біз оны Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бердік», – деді бас директор.

Бұдан әрі ол: «Өнім берушіні таңдау алгоритмі алды ала біліктілік бойынша іріктеу рәсімін енгізуді қамтиды. Оның технологиясы мынадай: тендер өткізер алдында консультанттар мен мамандар тиісті орындарға барып, кәсіпорындармен танысады, талдау жасайды, техникалық аудит жүргізеді, зауыттардың осы өнімдерді шығара алатыны туралы тұжырымдамалар береді. Осыдан кейін сатып алулар жүргізіледі», – дегенді айтты.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін негізгі Ережелерді бекіту қажет.

«1 қаңтардан бастап, біз кәсіпорындарды алғашқы іріктеуге кірісеміз. Бізде сатып алу көлемі бойынша градация бар: аз көлемдегі сатып алуларға жай рәсімнен өткен компаниялар, яғни шағын кәсіпкерлік өкілдері жіберілетін болады. Ірі көлемдегі сатып алулар күрделі аудитті талап етеді, ал онша ірі еместерге – олардың көлемі 100 мың АЕК-ке жақын, техникалық аудит жүргізу көзделеді. Рәсімдер жазылып қойған, механизмдері толықтырыу үстінде, осыдан кейін біз жұмысты бастаймыз», – деп түсіндірді ведомство басшысы. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях