ЕАЭО-дағы нарық режиміне қызмет секторларын ырықтандыру

80
Комиссияның деректері бойынша, бекітілген ырықтандыру жоспарлары орындалғаннан кейін қызметтер секторларын бірыңғай нарық режиміне аудару жүзеге асырылатын болады.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 1 сәуірге дейін қызметтер секторын ырықтандыру жоспарларын дайындаулары тиіс болған, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Комиссияның деректері бойынша, бекітілген ырықтандыру жоспарлары орындалғаннан кейін қызметтер секторларын бірыңғай нарық режиміне аудару жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте өнім берушілер ЕАЭО-ның кез келген елдерінде ұлттық режим, неғұрлым қолайлы, сандық және инвестициялық шектеулер қолданылмайтын жағдайларда қызмет көрсете алады.

Сонымен қатар, оларға қосымша заңды тұлғаны құру қажет болмайды, ал Одақтың бір мемлекетінде берілген рұқсаттарды басқа мемлекетті растау керек емес,

«Қызметтердің бірыңғай нарығы қызмет көрсетушінің қызметкерлер құрамы алған біліктіліктерді басқа мүше мемлекетте тану рәсімдерін өтпестен бір мемлекетте тануды көздейді», деп хабарлайды ЕАЭО-ның реттеуші органы.

ЕЭК Жұмыс топтарының шеңберінде тараптар комиссиямен бірлесе отырып, қызмет берушіге қойылатын талаптардың сәйкестілігін анықтау үшін заңнамаға талдау жасау өткізілетін болады. Нәтижесінде әр сектор бойынша барлық реттеушілік талаптар бойынша маңызды теңгерімділігі анықталуы не болмаса оның болмау дерегі айқындалуы тиіс болады. Теңгерімділікті мойындау тетігі реттеушілік талаптар мен рәсімдердің мазмұнындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындауға қатысты болады.

 «Егер Қазақстанда қандайда бір қызметті көрсету үшін лицензия, ал Беларусьте – аттестат қажет болса, онда теңгерімділікті мойындау үшін қызметкерлер құрамына, жабдықтарға және т. б. қойылатын біліктілік талаптарын салыстыру қажет болады. Егер де осы талаптар ұқсас немесе жанасымды болатын жағдайларда, жұмыс тобы реттеудің теңгерімділігіне байланысты қазақстандық лицензиялар мен белорустық аттестаттарды біркелкі немесе ұқсас қызмет түрлері деп тану туралы алдын ала шешім қабылдайды», - деп нақтылады ЕЭК.

ЕЭК Кеңесінің отырысында тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесі мақұлданды

Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін Кеңес отырысында ЕЭК-ге тиісті халықаралық шартты дайындауды жеделдету тапсырылды.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 6-2016 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях