Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

201
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша сатып алуға және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы сатып алуға бөлінеді.

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша сатып алуға  және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы сатып алуға бөлінеді.

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір

көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 40-бабының 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, бір көзден алу тәсіліменмемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді.

Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші Заңның 40-бабы 2-тармағының негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға белгіленген мерзімде мынадай ақпаратты:

 1) әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларды көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;

2) әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерлерi (бiрлесіп орындаушылары) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды. Аталған талаптар алу, Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, яғни баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша өткізілгенмемлекеттік электрондықсатып алу нәтижелерібойынша өтпеді деп танылған сатып алуға қолданылмайды;

3) ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға негіздемесін ұсынуға тиіс.

Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес, осы Заңның 39-бабы2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өткізілмеді деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан ұсынбауға құқылы. Аталған талап бір көзден алу арқылы сатып алу рәсімін едәуір жеңілдетеді, өйткені әлеуетті өнім берушінің сатып алуды ұйымдастырушыға аз құжат ұсынуы қажет болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу

Сондай-ақ берілген тақырып бойынша оқыңыздар:

Бірыңғай ұйымдастырушының біртекті және/немесе біртекті болып табылмайтынтауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях