ЕАЭО аумағындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы

154
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы шартқа сәйкес, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения аумағында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы жұмыс істей бастады, оның қызметі екі негізге алынатын мынадай құжаттармен реттелетін болады: ·          «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім» «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім»

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы шартқа сәйкес, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения аумағында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы жұмыс істей бастады, оның қызметі екі негізге алынатын мынадай құжаттармен реттелетін болады:

·«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім»

· «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім»

Маңызды! Келісім ережелері ЕАЭО аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы бірыңғай қағидалар мен талаптарды қалыптастыруға бағытталған және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және өткізу, оларды таңбалау, тасымалдау, сақтау, тіркеу және сараптау, сондай-ақ айналымын бақылау мен қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін мониторингтеу мәселелерін қозғайды.

Келісімді іске асыру мақсатында 38 нормативтік құқықтық актілер – дәрілік заттарбойынша 25 және медициналық бұйымдар бойынша 13 құжат әзірленді. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласын реттеуге және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптардың бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған 34 нормативтік актілерді мақұлдады.

Мәлімет үшін! Келісімде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген дәрілік препараттар үшін 10 жылды құрайтын және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген медициналық бұйымдар үшін 5 жылды құрайтын және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын өтпелі кезеңнің болуы көзделген. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін өтініш беруші тіркеу құжаттарын ЕАЭО аясында белгіленген бірыңғай қағидалар мен талаптарға сәйкестікке келтіруі қажет.

Бұдан басқа, ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу ережелерінде өтпелі кезең көзделген, онда өтініш берушінің таңдауы бойынша төмендегі тіркеу рәсімдерінің бірін:

· ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасы бойынша – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тек сол елдің аумағында айналысы үшін;

· дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тіркеудің жалпы қағидалары бойынша ЕАЭО аумағындағы айналысы үшін жүзеге асыру мүмкіндігі берілген.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 4-2016журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях