Мемлекеттік тапсырысты орындаудың проблемалары (1-ші бөлім)

253
Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың көпшілігін шарт жасалғаннан кейінгі мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі мен мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың нақты жағдайдағы әрекеттері қызықтырады. Бұл жерде де назар аударылуы тиіс нюанстар бар. Өйткені сатып алуларды сауатты және заңды түрде өткізу (тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар) және оларды жеңу (өнім берушілер) істің жартысы ғана. Бұдан әрі мемлекеттік сатып алудың бүкіл үдерісіндегі ең жауапты және маңызды – жасалған шартты орындау кезеңі орын алады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың көпшілігін шарт жасалғаннан кейінгі мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі мен мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың нақты жағдайдағы әрекеттері қызықтырады.

Бұл жерде де назар аударылуы тиіс нюанстар бар. Өйткені сатып алуларды сауатты және заңды түрде өткізу (тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар) және оларды жеңу (өнім берушілер) істің жартысы ғана. Бұдан әрі мемлекеттік сатып алудың бүкіл үдерісіндегі ең жауапты және маңызды – жасалған шартты орындау кезеңі орын алады.

Бір жағынан тапсырыс беруші шарт бойынша өнім беруші өзіне алған міндеттемелердің орындалу үдерісін қадағалауы, оған шарт талапатарының тиісті түрде орындалуы жөнінде заңды және негізделген талаптар қоюы, шарттың орындалуына сапалы және уақтылы бақылау жүргізуі тиіс. Екіншіден – өнім беруші шарт талаптарының тиісті түрде және сапалы орындалуын, қажетті дайындықтарды жүргізуді, оның қолында мәлімденген және қажетті еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың болуын қамтамасыз етуі, шартты орындауға дер кезінде кірісуі және оны уақтылы аяқтауы тиіс.

Мәлімет үшін! Егер кейбір нақты сатып алулар алғаш рет өткізілсе, атап айтқанда шартты орындау сатысына қатысты көптеген мәселелер туындайды. Өкінішке орай, тапсырыс берушімен және ұйымдастырушылармен қатар, өнім берушілер тарапынан да мемлекеттік сатып алуға шарттың шын мәнінде қалай орындалатыны туралы мағлұматы аз мамандардың қатысу жағдайлары жиі кездеседі, бұл әсіресе жұмыстар жүргізуге және қызметтер көрсетуге қатысты болып келеді.

Шартты орындаумен және оның орындалуын бақылаумен байланысты проблемалар тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысты аз көлемде кездеседі, өйткені көп жағдайларда тапсырыс берушілер тауарларды қабылдау үдерісіне ғана қатысады, ал өнім берушілерде – тауарларды өндіру немесе тауарларды қайта сату үдерісі жолға қойылған.

Маңызды! Бұл мақаланың негізгі міндеті мен мақсаты – тапсырыс берушілермен қатар, өнім берушілер мемлекеттік тапсырысты орындау барысында іс жүзінде тап болатын негізгі проблемаларды және оларды оңтайлы шешу жолдарын түсіндіру. Негізінен алғанда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың, олар жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарын орындау сатысындағы нақты әрекеттерін шынайы мысалдарда қарастыратын боламыз.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» №3-2016журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях