Әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

277
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны.

«Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

            Бұл ретте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тапсырыс берушілері республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, яғни, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы»  ҚР Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.

Үкіметтік емес ұйым азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ерікті негізде құрған әлеуметтік бағдарламаларды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік жобаларды іске асырушы коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

 Әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен, тек электронды түрде республикалық мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Қазақстан Республикасының заңымен регламенттелмейді. Әлеуетті өнім берушілер өздерінің төлем қабілеттілігін, сондай-ақ материалдық ресурстарының болуын растамайды.

Маңызды. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бір қаржы жылынан асатын мерзімге жүргізілетін болса, әлеуетті өнім беруші онда бекітілген конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуын растауға міндетті. Бұл ретте конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің материалдық-техникалық базасына сипаттамалар және талаптардың қамтылуы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін міндетті талап болып табылады.

Егер әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оның өтінімі сатып алуға қатысуға қабылданбайды.

Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:

1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;

2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);

3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда»  болуы туралы мәліметтерін;

4) жұмыс тәжірибесінің болуы;

5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);

6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;

7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (сандық және пайыздық түрінде);

8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту).

Источник: Электронная система «Actualis» по госзакупкам

Получить тестовый демо-доступ к Электронной системе «ACTUALIS»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях