2016 жылы веб-порталда жұмыс істеу бойынша нұсқаулық

1235
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әрі қарай жұмыс істеу үшін сіз өзіңіздің есеп деректеріңізді МІНДЕТТІ түрде қайта тіркеуді жүргізуге тиіс екендіктеріңізді хабарлаймыз. Бұдан басқа, сіздер ендігі жерде веб-порталдың ескі платформасында ХАБАРЛАНДЫРУ БЕРЕ алмайсыздар, өйткені веб-порталдың бұрынғы платформасында, олар бойынша сатып алу бұрынғы платформада аяқталуы тиіс 2015 жылы жарияланған, 2016 жылғы қайтадан және өтпей қалған сатып алуларды өткізуді қоспағанда, сатып алу туралы хабарландырулар беру функционалы жабық. 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әрі қарай жұмыс істеу үшін сіз өзіңіздің есеп деректеріңізді МІНДЕТТІ түрде қайта тіркеуді жүргізуге тиіс екендіктеріңізді хабарлаймыз. Бұдан басқа, сіздер ендігі жерде веб-порталдың ескі платформасында ХАБАРЛАНДЫРУ БЕРЕ алмайсыздар, өйткені веб-порталдың бұрынғы платформасында, олар бойынша сатып алу бұрынғы платформада аяқталуы тиіс 2015 жылы жарияланған, 2016 жылғы қайтадан және өтпей қалған сатып алуларды өткізуді қоспағанда, сатып алу туралы хабарландырулар беру функционалы жабық.

Алдағы уақытта жұмыс істеу үшін, сіз:

1. Ұлттық куәландыру орталығының сайтынан кол қоюға арналған бағдарламаны және негізгі сертификаттарды орнатуға тиіссіз.

2. Тіркелу бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен, сондай-ақ тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының және өнім берушінің нұсқаулықтарымен танысуға тиіссіз.

Жаңа мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін, сіз жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жүргізуіңіз қажет.

Осыдан кейін, мемлекеттік сатып алу жоспарын веб-порталға импорттау қажет.

1.Веб-порталда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын құру

Назар аударыңыз! 2016 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру және сатып алуларды жариялау 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес "2016 САТЫП АЛУЛАР" бөлімінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жобасын құру үшін "Жұмыс кабинеті" → "Жылдық жоспарлар" мәзіріне өтіңіз және "Жылдық жоспарды құру" батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Бір қаржы жылы үшін 1 жылдық жоспарды ғана құруға болады (жылдық жоспарды осы жылы қайтадан құруға тырысу кезінде жүйе бұндай әрекетті қолданыстағы бекітілген жылдық жоспарға өзгерістер енгізу деп қабылдайды). Егер бұрынырақта жоспарды бірнеше рет құруға болса, қазір олай істеуге БОЛМАЙДЫ! Жаңа заң бойынша өзгерістерді айына бір реттен аспайтындай етіп жүргізуге болады.

Ендігі жерде бюджет бекітілгенге дейін жылдық жоспарды АЛДЫН АЛА құруға болады.

Жылдық жоспарды құру бетінде "Қаржы жылы", "Акт нөмірі", "Акт күні" алаңдарын толтыру қажет және қажет болғанда жылдық жоспар түрін "Алдын ала" деп көрсету керек.

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Таңдалған жылға арналған "Алдын ала жоспар" белгісі жоқ бекітілген жылдық жоспар бар болған кезде қаржы жылына арналған "Алдын ала" белгісі бар жоспарды құруға тыйым салынады.

Егер бюджет бекітілсе, "Бекітілген жылдық жоспар" құрасыз.

Жылдық жоспарды бекіткен актінің скан-көшірмесін қоса тіркеу үшін "Файлды таңдаңыз" батырмасын басыңыз. Бұл құжатты сіз алдын ала сканерлеп және жүктеуге дайындап қоюыңыз қажет.

Пайда болған диалогтық терезеде қоса тіркеу үшін алдын ала дайындалған файлға жолды көрсетіңіз және "Ашу" батырмасын басыңыз.

Файлды таңдағаннан кейін жылдық жоспарды құру бетінде "Қол қою" батырмасын, бұрынғыдай – электрондық кілтпен басыңыз.

 "Қол қою" батырмасын басқан кезде файлға қойылуы қажет электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) таңдауға арналған терезе бейнеленеді.

ЭЦҚ таңдаңыз және "Ашу" батырмасын басыңыз және ашылған қосымша терезеде ЭЦҚ паролін енгізіңіз және "Ашу" батырмасын басыңыз.

Файл сәтті өңделген кезде мынадай терезе бейнеленеді.

Енгізілген деректерді сақтау үшін "Сақтау" батырмасын басыңыз.

Жылдық жоспар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бетіндегі жоспарлар тізімінде "Жоба" мәртебесінде бейнеленеді.

Жылдық жоспармен жұмыс істеу үшін оң жақтағы пиктограмманы басыңыз:

 "Шимайжазбаны жою" әрекеті "Жоба" мәртебесі бар жылдық жоспарды жоюға арналған.

 "Шимайжазбаны редакциялау" әрекеті жылдық жоспарды бекітетін актінің деректерін редакциялауға арналған.

 "Бекіту" әрекеті жылдық жоспарды бекітуге арналған.

 "Жоспар тармақтарын қарау" әрекеті жылдық жоспардың тармақтарын қарауға арналған.

2. Жылдық жоспарды импорттау

Бұрынғы нұсқадағыдай, мемлекеттік сатып алу жоспарын алдын ала толтырылған шаблоннан импорттауға арналған "Жылдық жоспарды импорттау" функционалы жұмыс істейді.

Осы функция жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталына ауыстыру процесін жылдамдату мақсатында іске асырылған.

Сіз мемлекеттік сатып алу веб-порталының бас бетінде орналастырылған, алдын ала жүктелген 2016 жылдың ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ШАБЛОНЫН толтыруға тиіссіз. Жоспардың барлық тармақтарын – бұрынғыдай жоспар шаблонын толтыру әдістемесіне сүйене отырып, дұрыс толтыру қажет.

Жылдық жоспарды импорттау, бұрынғыдай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының электрондық шаблонына сәйкес Excel форматында толтырылған файлдан ғана жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Шаблонда, шаблонның құрылымын ауыстыруға, бағандарды, ұяшықтарды қосуға, жоюға, біріктіруге БОЛМАЙДЫ. Шаблон құрылымының өзгеруі деректерді жүктеу кезінде қателердің туындауына әкеп соғады.

Ескерту. Жылдық жоспарды импорттау функционалында бірнеше ерекшеліктерді және жеткізу орындарын таңдау көзделмеген. Осы мәліметтерді толтыру үшін жоспар тармағын құру немесе редакциялау функционалын пайдалану қажет.

Мемлекеттік сатып алу жоспарының файлын шаблон форматы бойынша толтыру жөніндегі әдістемеге сәйкес толтырғаннан кейін, оны бұрынғыдай "Юникод мәтіні" форматында сақтау қажет. Бұл үшін Excel-де "Басқаша сақтауды" басу және пайда болған терезеде "Юникод мәтіні" файл түрін таңдау қажет.

Сақтағаннан кейін жүйе "Ағымдаға парақта ғана сақтау"-ды сұрайды. "ОК" батырмасын басыңыз, жүйе "Ағымдағы парақта ғана сақтау"-ды сұрағаннан кейін "Иә" батырмасын басыңыз.

Файлды жүктеуге дайындағаннан кейін оны мемлекеттік сатып алу веб-порталына импорттау қажет.

Жылдық жоспар шаблонын жүктеу үшін "Жұмыс кабинеті" → "Жылдық жоспарлар" мәзіріне өтіңіз. Жылдық жоспарлар бетінде жылдық жоспар нөмірінің белсенді сілтемесін басыңыз немесе "Жоба" мәртебесі бар жылдық жоспардағы ашылма тізімнен "Жоспар тармақтарын қарау" әрекетін таңдаңыз.

Жоспар тармақтарының ашылған терезесінде "Шаблоннан импорттау" батырмасын басыңыз.

"Шаблоннан импорттау" батырмасы басылған бойдан шаблондарды жүктеуге арналған бет ашылатын болады. "Файлды таңдаңыз" батырмасын басыңыз.

Пайда болған терезеде *.txt (Юникод мәтіні) форматындағы файлға жолды көрсетіңіз және "Ашу" батырмасын басыңыз.

Бұдан әрі "Шаблонды импорттау" батырмасын басыңыз.

Файлды мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктеу аяқталғаннан кейін жүктелген файлдар жолында жүктелген файлға сәйкес келетін жол пайда болады.

"Мәртебе" алаңында мемлекеттік сатып алу жоспарының жүктелген файлы қандай сатыда екендігі туралы ақпарат бейнеленеді.

Назар аударыңыз! Жүктелген файлдың деректерін өңдеу рәсімі файлдың кезек бойынша өңдеуге түсі шамасына қарай өтетін болады.

Жүктелген файлдың деректерін өңдеу рәсімі аяқталғаннан кейін электрондық почта мекенжайына осы әрекеттің аяқталғандығы туралы хабарлама жіберілетін болады.

Жүктелген файлдар тізімінде файлдың мәртебесі "Сәтті импортталды" дегенге өзгертілетін болады және жоспар тармақтары "Мемлекеттік сатып алу жоспары" бөліміне түседі.

Шаблон қате толтырылған жағдайда файлдың мәртебесі "Жоспар тармақтарын валидациялау қатесі" дегенге өзгертілетін болады және есепті қарауға арналған сілтеме бейнеленеді. Есепті қарау үшін "Қарау" сілтемесін басыңыз.

Назар аударыңыз! Шаблонды толтыруда қателер бар болған кезде жоспардың тармақтары импортталмайды. Жылдық жоспар шаблонының барлық тармақтарында қателер болмаған кезде ғана импорттау мүмкін болады.

Қате туралы есепте қызыл түспен бөліп көрсетілген ұяшықта қате бар. Қатенің мәтінін қарау үшін ұяшықты басыңыз.

Қателер бар болған кезде анықталған қателерді Excel-файлында түзетіңіз және *.txt (Юникод мәтіні) форматында қайта жүктеңіз.

3.Жылдық жоспардағы жоспар тармақтарымен жұмыс істеу

Жоспар тармақтарын орналастыру және олармен жұмыс істеу үшін жылдық жоспар нөмірінің белсенді сілтемесі бойынша өтіңіз немесе "Жоспар тармақтарын қарау" әрекетін таңдаңыз.

Бұрынғы нұсқадағыдай, мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында екі тәсілмен орналастыруға болады:

· Жоспар тармағының көп санын файлдан импорттау арқылы жүктеу (Жылдық жоспар шаблонынан импорттау бөлімінде сипатталған).

· Жоспардың әр тармағын "қолмен" дара құру (Жоспар тармағын құру бөлімінде сипатталған).

3.1. Жоспардың жаңа тармағын құру үшін "Құру" батырмасын басыңыз.

Жоспардың жаңа тармағын құру беті бейнеленеді.

3.2. Жоспар тармағын көшіру, редакциялау және жою

Жоспар тармақтарымен жұмыс істеу үшін пиктограммасын басыңыз.

Жоспар тармағын көшіру үшін ашылма тізімнен "Жоспар тармағын көшіру" әрекетін таңдаңыз.

Жоспар тармағын редакциялау үшін ашылма тізімнен "Редакциялау" әрекетін таңдаңыз. Редакциялау "Шимайжазба" мәртебесі бар жоспар тармақтары бойынша мүмкін болады.

Жоспар тармағын жою үшін ашылма тізімнен "Жоспар тармағын жою" әрекетін таңдаңыз.

Жоспардың бірнеше тармақтарын жою үшін жоспардың қажетті тармақтарын қанатшамен белгілеңіз және "Жою" батырмасын басыңыз. "Шимайжазба" мәртебесі бар жоспар тармағын ғана жоюға болады.

4. Жылдық жоспарды бекіту

Жылдық жоспарды бекіту үшін "Жылдық жоспарлар" нысанына өтіңіз.

 "Жоба " мәртебесі бар және жоспардың тармақтары толтырылған жылдық жоспарда пиктограммасын басыңыз және "Бекіту" әрекетін таңдаңыз.

Бекітілгеннен кейін жылдық жоспардың мәртебесі "Жоба" дегеннен "Бекітілді" дегенге өзгеретін болады, жоспар тармақтарының мәртебесі "Шимайжазба" дегеннен "Бекітілді" дегенге өзгеретін болады.

5. Сатып алуға өтінім құру

Сатып алуға өтінім құру үшін жылдық жоспардың "Бекітілді" деген мәртебесі бар тармақтарын қарау нысанына өтіңіз.

Жоспардың олар үшін өтінім құру қажет болатын тармақтарын таңдаңыз және "Сатып алуға өтінім құру" батырмасын басыңыз.

"Сатып алуға өтінім құру" батырмасын басқан кезде, тапсырыс берушіде біреуден артық ұйымдастырушысы бар болған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушыны таңдау

терезесі бейнеленеді. Ұйымдастырушыны таңдаңыз және "Өтінім құру" батырмасын басыңыз.

Егер бір ұйымдастырушы бапталған болса, онда осы әрекет орындалмайды.

Ашылған терезеде "ОК" батырмасын басып, әрекетті растаңыз.

Өтінім сәтті құрылған кезде растаудан кейін жоспар тармағының мәртебесі "Өтінім" дегенге өзгереді.

Өтінім жіберілген Ұйымдастырушыны қарау үшін жоспар тармағы нөмірінің белсенді сілтемесін басыңыз.

Жоспар тармағын қарау нысаны бар бет бейнеленеді.

Дереккөз: www.mcfr.kz

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях