Шарттың қолданысын ұзарту

740
Назар аударыңыз. Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сіз шарттың қолданысын ұзарту туралы қосымша келісімді тек конкурс (аукцион) өткізу кезеңіне, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ғана (бұрын конкурсты (аукционды) өткізбестен келесі жылдың 1 тоқсанына дейін рұқсат етілген болатын) жасаса аласыз.

     Жаңа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  (бұдан әрі – Заң)  43-бабының 18-тармағына сәйкес, тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекiткен тiзбе  (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі)  бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.


     Бұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.


     Назар аударыңыз. Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сіз шарттың қолданысын ұзарту туралы қосымша келісімді тек конкурс (аукцион)  өткізу кезеңіне,  бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ғана (бұрын конкурсты (аукционды) өткізбестен келесі жылдың 1 тоқсанына дейін рұқсат етілген болатын)  жасаса аласыз.


     Сонымен қатар, өнім беруші шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 50) тармақшасына сәйкес,  сіз жаңа шартты осы немесе басқа өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен тікелей жасасуға құқылысыз.  


     Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен (бұрынғы – заң нормалары қолданылмайтын)  сатып алуды жүргізу тәртібі, шығарылуы  2016 жылғы қаңтар айында  күтіліп отырған Сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленетін болады.  Сондай-ақ жалпы сипаттағы тәртіп Заңның 41-бабында баяндалған.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis»
электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях