Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды күшейту туралы

386
Инспекция басшылығы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдап отырады, сондай-ақ қызметкерлер арасында осы теріс құбылыстың алдын алу жөнінде тұрақты негізде жұмыстар жүргізеді.

 Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың мемлекеттік саясатын белсенді түрде қолдайды, әсіресе «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады.

     Маңызды. Негізгі міндет – қызметтегі неғұрлым сыбайласқан саланы алдын ала анықтау және ревизорлар мен бақылау объектілері арасындағы сыбайластық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мақсатында, Инспекцияның бұйрығымен 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Сондай-ақ Инспекцияда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары да бекітілген, оған сәйкес Инспекцияда осы бағытта алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

     Қолжетімді жерлерде орналдастырылған стендтерде, Инспекцияның – «279-30 26» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сенім телефондары орналастырылған, фойеде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына және Инспекция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін бақылау кітабы бар.  2015 жыл ішінде Инспекцияның сенім телефонына Инспекция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданну туралы қоңыраулар мен шағымдар келіп түскен жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігіне де Инспекция қызметкерлерінің әрекеттеріне арыздар келіп түскен жоқ.


     Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 11-2015  журналы

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс.
Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях