Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру

471
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мынадай 17 бағыттар бойынша


   Маңызды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алулар туралы ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметіне тапсырыс берушілер болып табылады.


     Әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу рәсімін өткізу кезіндегі міндетті талап – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйымдар – азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйымдар (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда) ғана әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау бойынша өнім берушілер болып табылады.


     «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мынадай 17 бағыттар бойынша:


     1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;


     2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;


     3) қоршаған ортаны қорғау;


     4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;


     5) демография проблемаларын шешу;


     6) гендерлік проблемаларды шешу;


     7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;


     8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;


     9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;


     10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;


     11) мәдениет пен өнерді дамыту;


     12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;


     13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;


     14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;


     15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;


     16) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) көмек көрсету;


     17) ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар 17 бағыттар бойынша жүзеге асырылады.


  


 Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 11-2015  журналы


  


 Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях