Конкурстық (аукциондық) құжаттама

477
Заңңың жоғарыда көрсетілген жалпы ережелерінде тапсырыс берушінің жоғарыда аталған ақпаратты (конкурстық) аукциондық құжаттамада көрсетуге құқығы бар екі ерекшелік көзделген, атап айтқанда мемлекеттік сатып алуды:

    "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына және  35-1-бабының 3-тармағына сәйкес, (конкурстық) аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi.

 Внимание


     Заңңың  жоғарыда көрсетілген жалпы ережелерінде  тапсырыс берушінің жоғарыда аталған  ақпаратты (конкурстық) аукциондық құжаттамада көрсетуге құқығы бар   екі  ерекшелік көзделген, атап айтқанда мемлекеттік сатып алуды:


     1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;


     2) тауарды лизингке беру жөніндегі қызмет көрсетулерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда жүзеге асыру жағдайларында.  

     Заңнаманың жоғарыда көрсетілген талаптарын бұза отырып, ұйымдастырушы (тапсырыс беруші)  мемлекеттік сатып алу ды жүзеге асыру кезінде белгілі бір әлеуетті өнім берушілерге көпе-көрнеу артықшылық береді. Бұл ретте тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қажетті және/немесе үздік сипаттамаларымен ұсынуы мүмкін ілеуетті өнім берушілерді сатып  алуға қатысу құқығынан айырады.

 К сведению


     Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тарапынан көрсетілген заңнама бұзушылық жоспарлы тексеру нәтижесінде  немесе Заңның  15-бабының 5-тармағына сәйкес, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының  әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің жазбаша шағымы бойынша жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталуы мүмкін.

 Внимание


     Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық (аукциондық)  құжаттамада сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын  сипаттамаларды көрсету арқылы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

     Заңның 15-бабының 6-тармағының  3) тармақшасының негізінде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылғанын анықтаған жағдайда міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.


     Осылайша, Заңның 17-бабының 3-тармағында немесе 35-1-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды бұзу арқылы өткізілген конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін. 


  


  


  


  


 Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі


  


 ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях