Кеден одағы аясында аккредиттелген органдардың қатысушылары. (2-бөлігі)

565
Мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізуге қатысты құқықтық аспектілер

 Бірыңғай тізбені қалыптастыруды, бекітуді және жүргізуді Кеден одағы комиссиясы жүзеге асырады


    Еуразиялық экономикалық комиссия сайтының деректері бойынша, Ресей Федерациясында Кеден одағының сертификаттау бойынша 1 026 органдары мен Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын 1 699 сынақ зертханалары жұмыс істейді. Аталған өнім Кеден одағы комиссиясының 07.04.2011 ж. № 620 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды беру арқылы Кеден одағы шеңберінде міндетті түрде сәйкестікке бағалауға (растауға) жатады. Сондай-ақ Ресей Федерациясында Кеден одағының Техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – Техникалық регламенттер) талаптарына сәйкес, өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын Кеден одағының сертификаттау бойынша 758 органдары мен 1 553 сынақ зертханалары (орталықтары) жұмыс істейді. Беларусь Республикасында Бірыңғай тізбе бойынша сертификаттау жөніндегі 55 орган мен өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын 358 сынақ зертханалары (орталықтары), сондай-ақ Техникалық регламенттер бойынша сертификаттау жөніндегі 49 орган мен 240 сынақ зертханалары (орталықтары) жұмыс істейді. Ал Қазақстан Республикасына қатысты, бізде Бірыңғай тізбе бойынша сертификаттау жөніндегі 105 орган мен 637 сынақ зертханалары (орталықтары), сондай-ақ Техникалық регламенттер бойынша сертификаттау жөніндегі 75 орган мен 209 сынақ зертханалары жұмыс істейді.

 Мәлімет үшін. Аккредиттелген органдардың басым көпшілігі Ресей Федерациясында орналасқан және жалпы саны 5 036 бірлікті құрайды. Екінші позицияда Қазақстан Республикасы, органдардың жалпы саны 1026 бірлікті құрайды. Және үшінші орында Беларусь Республикасы, ондағы органдардың жалпы саны 702 бірліктен тұрады. 

 Мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізуге қатысты құқықтық аспектілер

    «Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 29) тармақшасына сәйкес, өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер ҚР заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн.

    Заңның 1-бабының 32) тармақшасына сәйкес, тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, ҚР Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

 Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 10-2015  журналы 


    
    

 Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях