Өтінімдердің шартты бағаларын заңнамаға сәйкес есептеу

1550
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, конкурстық құжаттамада жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан өзге, бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі қамтылуға тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, конкурстық құжаттамада жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан өзге, бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі қамтылуға тиіс
 
     ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылатын критерийлер туралы нормалар көзделген. Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада әрбір критерийлердің салыстырмалы мәнін және шартты бағаны есептеу әдістемесін айқындайды.
Электрондық конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шартты бағасын есептеу әдістемесі жеке файлмен тіркеледі. Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес, неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:


1) әлеуетті өнім берушіде:
     - өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
     - ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;
     - ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
     - ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын
  
2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.
 
     Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігі оларды бірыңғай қолдану мақсатында, бағаларды шартты азайтудың мынадай мөлшерлерін қолдануды ұсынады:
1. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бойынша тәжірибесінің бар болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың нарықтағы жұмыс тәжірибесінің бар болғаны үшін – бір жылдан бастап нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%), бірақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді.

 Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 8-2015 журналы 


    
    


 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях