Демпингтік баға – конкурс қатысушысына бағалар мен тауарларға қатысты ұсынылған баға

1810
Демпингтік баға түсінігі – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға.

Демпингтік баға түсінігі – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға.

Бірінші кезекте демпинг тек ашық конкурста ғана бар екенін есте ұстау қажет.

"Мемлекеттік сатып алулар туралы "  Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, демпингтік баға  –  конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада және техникалық-экономикалық негiздемеде көрсетілген бағамен салыстырғанда төмен баға. Техникалық-экономикалық негiздеме және жобалық-сметалық құжаттама даярлау жөніндегі жұмыстардың бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағадан төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады. Конкурстық өтінімдегі демпингтік бағаны анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қағидаларының  5-тарауының 13-параграфындағы 174–178-тармақтарда көрсетілген.  

             Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады. Әлеуеттi өнiм берушiнiң қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң бағасы конкурсқа бөлінген бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі




Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях