Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру

1310
Қазақстан Республикасының қаржы министрі Б. Т. Сұлтанов

Министрге сұрақ:

     Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелетін құқықтық қатынастарға  "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылмайды. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысымен бекітілген. Қағидалардың 9-тармағында конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың түбегейлі тізбесі көрсетілген. Конкурсқа қатысуға өтінімге, сондай-ақ Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес (көрсетілген қағидаларға қосымша)  сандық және сапалық сипаттамалар көрсетілген техникалық тапсырманы қоса тіркеу қажет. 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырмада білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

    Техникалық тапсырмада азық-түлік өнімдерінің, ас ассортиментінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ перспективалық мәзірге қойылатын талаптар қамтылады. Техникалық тапсырмада білім алушыларға қызметті көрсету мерзімі мен орны, тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың саны көрсетіледі. Аталған  Қағидаларға сәйкес, бұл шарт талаптарын сапалы және толық орындауға қажетті құжаттардың түбегейлі тізбесі.

     Назар аударыңыз. Аталған Қағиданың  ешбір тармағында менеджмент  немесе экологиялық  менеджмент сертификаттары сияқты құжаттар көзделмеген!


     Алайда Қағидаларға 6-қосымшада  өнім берушіні таңдау критерийлері:


      -              экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар-жоғы;


      - тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы көрсетілген.


        Осыған байланысты түсіндірулеріңізді сұраймыз:


     1. Жоғарыда көрсетілген сертификаттарды беруді талап ету жеке кәсіпкерлерге қатысты ма? Немесе аталған талап тек заңды тұлғаларға ғана қатысты ма?


     2.  Және біз мынадай жағдайда қалай әрекет етуге тиіспіз: жеке кәсіпкер қарашада конкурс жеңімпазы деп танылады, онымен 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін шарт жасалады. Алайда, 1 қаңтардан бастап балаларды тамақтандыруды одан әрі жалғастыру қажет – ұйымдастырушы жаңа шарт жасасуы, яғни конкурсты қайта өткізуі керек пе, не ол  бұрынырақта өткізілген конкурстың жеңімпазымен қосымша келісім жасауға тиіс пе? Заңнамаға сәйкес, шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы тиіс. 

Министрдің жауабы:


     "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының  4) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн.

     Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлер, атап айтқанда, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің), қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуы көзделген.


    Осылайша, көрсетілген сертифиткаттардың бар болуы жеке және заңды тұлғалардың өнім берушілеріне қолданылады.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 98-тармағында,  әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайтыны көзделген.

    Осылайша,  өнім берушіде көрсетілген сертификаттар  бар болған жағдайда, конкурстық комиссия  Заңның 17-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында  көзделген критерийлерді қолданады. Бұл ретте көрсетілген сертификаттарды бермеу әлеуетті өнім берушіден бас тартуға негіз болып табылмайды.

     Екінші сұраққа қатысты, Заңның 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес,  бір көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімі ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүргізілуі мүмкін.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысымен үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілген.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі


 


    Осы тақырып бойынша басқа материал:
  

 1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 37 бабы 11-2 тармағын түсіндірсеңіз. 2. Өнім беруші шарт бойынша тағам өнімдерінің 13 түрімен қамтамасыз етеді. Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты ол 2 өнім түрінен бас тарқысы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях