Бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастыруға қатысты түсіндірулер

1618
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін өкілетті орган қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу саласындағы басқа да тізілімдер сияқты ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын қолдануға қатысты түсіндірулер

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін уәкілетті орган қалыптастырып, мемлекеттік сатып алу саласының басқа да  тізілімдері сияқты ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады. 2016 жылы сәуірде қолданысқа енетін «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР жаңа Заңының 31-бабында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Заңының 31-бабында мемлекеттік сатып алуды біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алудың білікті өнім берушілерінің тізілімі жайлы айтылады. [ЛТ1]

 «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыруды және енгізуді жүзеге асырады. Заңның 12-бабының 8-тармағы негізінде тізілімдегі мәліметтер, ҚР Үкіметі айқындаған мемлекеттік құпиялар туралы және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпараттары бар ҚР заңнамасына сай мемлекеттік құпия мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылады және қызығушылық танытқан тұлғалардың танысуы үшін төлемсіз түрде қолжетімді болуға тиіс.  

Заңның 12-бабының 9-бабына сәйкес білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру мен енгізу қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына сай әлеуетті өнім берушілердің тізімінен тұрады. Алайда қазіргі кезде  мемлекеттік сатып алу саласында ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызда № 237 Бұйрығымен бекітілген бірыңғай республикалық тізілімді қалыптастыру мен енгізу Қағидаларына білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін енгізуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях