Ұзақ мерзімді сатып алулардың бірыңғай ережелерін қолдану мүмкіндігі туралы

1709
Отандық өндірушілермен тауар жеткізу, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге қатысты ұзақмерзімді сатып алу шарттарын жасау процестерін регламенттейтін, негіздері мен өлшемдерін айқындайтын құжаттарды әзірлеуге байланысты.

 Ұзақмерзімді сатып алулардың бірыңғай ережелерін қолдану мүмкіндігі туралы депутат сауалын қарай отырып, мынаны хабарлаймыз.

Отандық өндірушілермен тауар жеткізу, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге қатысты ұзақмерзімді сатып алу шарттарын жасау процестерін регламенттейтін, негіздері мен өлшемдерін айқындайтын құжаттарды әзірлеуге байланысты.

 "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" (бұдан әрі – Қор) АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен 2012 жылы 26 мамырда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу Ержелері, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тауарларын ұзақмерзімді сатып алуды жүзеге асыру Тәртібі бекітілді.  Аталған Тәртіпте отандық тауар өндірушілер үшін айтарлықтай артықшылықтар көзделген. Бұл ретте  отандық тауар өндірушілермен  ұзақмерзімді сатып алу жоспарына сәйкес 12 (он екі) айдан артық мерзімге жасалған ұзақмерзімді шарттар оған қол қойылған күннен бастап 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Бұдан бөлек, Қор ұйымының ұзақмерзімді сатып алуларына қатысатын отандық өндірушілер мендерлік өтінімді қамтамасыз ету, алғытөлемді қайтару, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу бойынша міндеттемелерден босатылды. Нәтижесінде қазіргі таңда Қор компаниялары тобында  қазақстандық өндірушілермен жалпы сомасы 1,3 трлн теңге тәртібіндегі 809 ұзақмерзімді шарттар жасалып, қолданысқа енді, олардың ішінде 243,1 млрд теңге сомасына 2014 жылдың басынан бері 357 шарт жасалды. Үкіметтің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы  № 1363 Қаулысымен отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесі бекітілді. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" компаниялары арасындағы сатып алу рәсімдерін унификациялау бойынша  ұсыныстарды орындауға қатысты. Қазіргі кезде Қордың директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген сатып алу Ережесіне сәйкес Қорда холдингішілік сатып алуды қолданылады.  Осылайша, Қорға кіретін компаниялар Қордың басқа компанияларымен сатып алуды бірыңғай ережелер бойынша жүзеге асырады.

Ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларда даму жоспары туралы, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі туралы ақпаратты қамтамасыз етуге қатысты. Қордың сатып алу қағидаларына сәйкес Қор ұйымдары жоспарлағатауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық ақпарат  олардың жылдық және ұзақмерзімді жоспарларында қамтылады және міндетті тәртіппен Қор компанияларының веб-сайттарында орналастырылады.  Қор ұйымдарын дамыту жоспарлары ұзақмерзімді кезеңдегі (5 жыл) қызметтің негізгі бағыттары мен шешуші көрсеткіштерін айқындайды және Қор компанияларының веб-сайттарында көру мүмкіндігіне ие. Бұдан бөлек, Қордың әлеуетті өнім берушілеріне қолайлы болу үшін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу маркетингі" онлайн-порталы енгізілді. Бұл портал Қор ұйымдарының жылдық және ұзақмерзімді сатып алу жоспарларын қолданушылардың көре алуына мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях