Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу

5024
Тапсырыс берушілер Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына толықтырулар енгізуге құқылы.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5- бабының 5-тармағының негізінде, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (бұдан әрі – сатып алу жоспары) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.Егер тапсырыс берушіде, олардың кәсіпорынының мемлекеттiк сатып алу жоспарында көрсетілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігі пайда болса, сатып алу жоспарына өзгерістен енгізу қажет, атап айтқанда:1. мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығару (мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын өзгерту туралы үлгі бұйрықты немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы үлгі бұйрықты қараңыз);2. 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу порталына жаңа тармақтарды енгізу.Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар туралы мәліметтер сатып алу жоспарына енгізілуге жатпайды. Белгілі бір тәсілмен сатып алуды жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жоспарындағы тармақтарды бөлшектеуге болмайды. Заңның 30-бабының 3-тармағының негізінде, баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде олардың бірінің мөлшері тиісті қаржы жылына "Республикалық бюджет туралы" Заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, бөлікке бөлшектеуге жол берілмейді, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.Мемлекеттік сатып алу жоспарына үнемдеу шартынан тұратын сомаға өзгеріс енгізу кезінде, "Жоспар тармағының түр" алаңындағы қалқымалы тізімнен жоспардың тиісті тармағын, аталған жағдайда – үнемдеу шарты есебінен сатып алулар – тармағын қосу қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях