Қаржылық бақылау түрлері

1760
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде
бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1.      кешенді
бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер
бойынша бақылау және бағалау;

2.      тақырыптық
бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер
бойынша бақылау және бағалау;

3.      үстеме
бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі
объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші
тұлғалардың бақылауы;

4.      бірлескен
бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде басқа
мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау; 

5.      қосарлас
бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың
нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері
бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:

1.      сәйкестікке
бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының
бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; 

2.      қаржылық
есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының
және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау; 

3.      тиімділікті
бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде
жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында
көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және
бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын,
көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін
пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор
субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының,
әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына тигізетін
әсерін кешенді және объективті талдау.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях