Шартты жеңілдік есебін жүзеге асыру

2189
Консорциумның электрондық конкурсына қатысу кезінде бағаның шартты түрде төмендеуіне әсер ететін әлеуметтік өнім берушілердің өтінімдерін бағалау мен салыстырудың міндетті өлшемдері қандай жолмен қолданылады

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).

Осылайша, Заңда консорциумдарға мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға мүмкіндік береді, бұл ретте консорциумға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларын сәйкес қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – ҚР АК) 233-бабының 1-тармағына сәйкес, консорциум – бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк).

ҚР АК 233-бабының 2-тармағында консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт негiзiнде құрылатыны көзделген.

ҚР АК аталған бабының 3-тармағында консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылатыны белгіленген.

Бұл ретте ҚР АК 233-бабының 4-тармағында Консорциумға қатысушылар, егер консорциалдық келiсiмде өзгеше ескертiлмесе, консорциум қызметiне байланысты мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болатыны көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 98-тармағының негізінде, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердің барлығын бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлерді ескереді және оларды конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығына тең мөлшерде қолданады.

Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын бағалайды және салыстырады және конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.

Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.

Қағиданың 269-тармағында заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциум) электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда осы консорциумға қатысушы заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан бөлек, құжаттардың электрондық көшірмелерін немесе электрондық құжаттарын көрсетулері тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях