Мемлекеттік сатып алу туралы қағаз нұсқада шарт жасау бойынша қадамдық нұсқаулар

967
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қол қойып жібереді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау тәртібінің жалпы талаптары. Электрондық мемлекеттік сатып алу туралы қағаз нұсқада шарт жасасу.

Заңның 37-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге Үлгілік шартқа сәйкес құрастырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қол қойып жібереді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – электрондық сатып алу Қағидалары) 271-тармағына сәйкес  мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қағаз нұсқада мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда тапсырыс беруші осы Қағидалардың 19, 20 және 21-Қосымшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, оған тапсырыс беруші мен тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі парақтап парафирлей отырып қол қояды.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда тапсырыс беруші  конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурс құжаттамасына сәйкес құрастырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

 Екінші кезең

Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша шарт жасасу  

 1-қадам. Қағаз нұсқада шарт жасау тәртібі

Электрондық сатып алу Қағидаларының 270-тармағына сәйкес тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың екі түрінің бірін таңдайды: - қағаз нұсқадағы түрі; - электрондық шарт түрі.

 2-қадам. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасау

 Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жеңімпазы анықталғаннан кейін, шарт жобасына өнім беруші, оның реквизиттері туралы, сондай-ақ шарт бағасы жайлы мәліметтерді енгізеді. Барлық мәнді талаптар, оның ішінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі шарт жобасында жазылуы тиіс. Техникалық ерекшелігі болған жағдайда  тапсырыс беруші техникалық ерекшелікті шартқа қосымша түрінде жасайды,  сондай-ақ екі тарап та қол қоюға тиіс. Шарт жобасы электрондық сатып алу Қағидаларының 19, 20 және 21 Қосымшаларына сәйкес, Үлгілік шартқа сәйкес құрастырылады.  Тапсырушы қол қойған және өнім берушіге жолданған шарт жобасының мазмұны  мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған және барлық әлеуетті өнім берушілерге танысу үшін ұсынылған шарт жобасының мазмұнымен сәйкес келуі тиіс. Шарт жобасы екі данада жасалады – қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңдық күшке ие, тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан.  

3-қадам. Мемлекеттік сатып алу шарт жобасын тапсырыс берушінің дұрыс рәсімдеуі және қол қоюы

Электрондық сатып алу Қағидаларының 271-тармағына сәйкес  тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу жеңімпазы анықталғаннан кейін (мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын шығарып, өнім берушіге жібереді. Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, шарт жобасына тапсырыс беруші және оның уәкілетті өкілі қол қояды және  парақтай отырып парафирлейді. Мемлекеттік органдар мен мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  аумақтық қазыналық бөлімшелерінде шартты тіркейді, мұндай жағдайларда шартты үш данада шығарып, қол қоюға болады.  

4-қадам. Мемлекеттік сатып алу қол қойылған шартты шарттың ілеспе хатымен бірге өнім берушіге жіберу

 Тапсырыс беруші шартқа қол қойғаннан кейін  және оны ұйымның мөрімен бекіткеннен кейін  ілеспе хат жасау ұсынылады (мемлекеттік сатып алу туралы шартқа ілеспе хаттың үлгісін қараңыз) және Заңда белгіленген мерзімде Шарттың барлық даналарын өнім берушінің атына жазылған ілеспе хатпен бірге жолдау керек.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях