Тауар биржалары тәсілі арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үдерісі

961
Нақты сатып алуға (саудаға) қатысуға қажетті барлық қажетті ақпаратты ұйымдастырушыға әлеуетті өнім беруші өзі жалдаған брокер немесе дилер көрсетеді.

Сатып алудың бұл тәсілінде әлеуетті өнім беруші (клиент) сатып алу құжаттарын ұйымдастырушыға тауар биржасы арқылы тікелей ұсынбайды. Нақты сатып алуға (саудаға) қатысуға қажетті барлық қажетті ақпаратты ұйымдастырушыға әлеуетті өнім беруші өзі жалдаған брокер немесе дилер көрсетеді. Мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары тәсілімен қатысу процесі, оның ішінде құжаттарды дайындау (рәсімдеу, ұсыну) электрондық мемлекеттік сатып алудың басқа барлық тәсілдерінен айтарлықтай ерекшеленеді.  Саудаға тікелей қатысу мен қажетті құжаттарды дайындау әлеуетті өнім беруші үшін тауар биржасында тіркелуден басталады. Әрбір тауар биржасы биржа саудасында өз ережелерін әзірлейді және  әлеуетті өнім берушіге ұсынуға қажетті құжаттар тізбесін айқындайды. Көп жағдайда әртүрлі тауар биржаларында құжат тапсыру талаптары  бірдей, бірақ өзіндік ерекшеліктері де бар. Қызықтыратын тауардың (тауарлардың) мемлекеттік сатып алуын (сауданы) өткізетін тауар биржасын таңдағаннан кейін, әлеуетті өнім беруші міндетті түрде таңдалған тауар биржасының аккредиттелген мүшесі болып табылатын брокер/дилерді таңдайды және онымен брокерлік/дилерлік қызмет көрсетуге қатысты шарт жасасады. Әлеуетті өнім берушінің мүддесін көрсететін брокер/дилер міндетті тәртіппен тауар биржасының сараптамалық-тіркеу бөліміне әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігін растайтын мына ақпараттар мен құжаттарды тіркеу үшін ұсынады:

- клиентті тіркеуге қатысты биржалық брокер/дилердің өтінімі;

 - Жарғының көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі/қайта тіркелуі (тіркеу туралы анықтамалар, заңды тұлғаның қайта тіркелуі) туралы куәлігінің көшірмесі және/немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесі;

 - салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (РНН); - ҚҚС бойынша есепке тұру туралы куәліктің көшірмесі  (болған жағдайда);

- лицензия көшірмесі (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызмет лицензияланған болып табылатын жағдайда);

- лицензия көшірмесі (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызмет лицензияланған болып табылатын жағдайда);

 - ақпараттық:

 банктік реквизиттер, заңдық және почталық мекенжайлары, байланыс телефондары, контактілік тұлға. Ақпарат бірінші басшы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) және әлеуетті өнім берушінің мөрімен расталған фирмалық бланкіде (бар болған жағдайда) ұсынылады.

- бірінші басшының уәкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері (жалпы жиналыстың хаттамасы, бұйрық, жеке куәліктің көшірмесі);

- клиенттің (әлеуетті өнім берушінің) биржалық брокер/дилердің трейдеріне сенімхаты.

Ұсынылған құжаттардың көшірмелері биржалық брокер/дилер тарапынан уәкілетті тұлғаның қолы қойылып расталған және биржалық брокер/дилердің мөрімен расталған болуы тиіс. Әлеуетті өнім берушінің өзі қажетті құжаттарды  өзінің брокер/дилеріне қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсына алады.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях